10.05.2007, 18:58 2992

Қазақстан көмірсутегінің басым бөлігі Ресей аумағы арқылы өткенін қолдайды - Н. Назарбаев (толықтырылған нұсқа)

АСТАНА. 10 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан көмірсутегінің басым бөлігі Ресей аумағы арқылы өткенін қолдайды. Бұл туралы бүгін Ресей өкілдерімен кеңейтілген құрамда кездесу барысында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Біз бұл туралы үнемі айтып келеміз. Өткен жылы 52,3 млн тонна Қазақстан мұнайы тасымалданған, оның 42 млн тоннасы Ресей арқылы, КТК арқылы, Атырау - Самара мұнай құбыры мен Орынбор арқылы өткен",- деді Н. Назарбаев.

"Қазір Каспий құбыр консорциумының қуатын - 23 - тен 40 млн тоннаға дейін арттыру мәселесі тұр, оны біз Владимир Владимирович екеуіміз жан-жақты талқыладық"- деді Қазақстан Республикасының президенті.

Оның пайымдауынша, "дәл осы қосылған 17 млн тоннаны Бургас - Александруполисқа жіберуге болады". "Бұл жобаға Қазақстан да қатысуға ниет білдіріп отыр және біз Ресей жағынан көрсетілген қолдауға ризамыз",- деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

Оның айтуынша, екі жақ жаңа мұнай құбырын салу мен қолданыстағы құбырды кеңейту бір кезде аяқталу үшін Бургас - Александруполис мұнай құбырын тарту мен Каспий құбыр консорциумының қуатын арттыруды қатар жүргізуге келісіп, бірлескен іс-шаралардың жоспарына жазды.

Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың журналистерге түсіндіруінше: "Каспий құбыр консорциумын кеңейту және Бургас - Александруполис мұнай құбырын тарту жобаларының өзара сабақтастығы бірінші жоба аяқталғанда Қара теңізге келетін мұнайды Бургас - Александруполис арқылы одан әрі тасымалдау үшін қажет". "Оған Қазақстан Греция мен Болгарияның 49 пайыз үлесі есебінен қатыса алады",- деп атап көрсетті Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны