Система Orphus

Қазақстан қор биржасындағы фиксинг қорытындысы бойынша "KazPrime" индикаторы 2 базалық пунктке көтеріліп - жылдық 9,27 пайызды құрады

08.10.2007, 13:57 1988


Алматы. 8-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қор биржасындағы фиксинг қорытындысы бойынша "KazPrime" индикаторы 2 базалық пунктке көтеріліп - жылдық 9,27 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұрын хабарлағанымыздай, "KazPrime" индикаторы Қазақстанның банкаралық депозиттер нарығына 3 ай мерзіммен actual/360 есептеу базасына сәйкес ақша шығару ставкаларының орташа мәнін көрсетеді.

"KazPrime" индикаторы Қазақстан қор биржасында Алматы уақытымен 12 сағатқа дейін күнделікті есептеледі. Ол келісімге қатысушылардың Алматы уақыты бойынша сағат 10 мен 11 аралығындағы индикатордың қалыптасуы туралы Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесіне берген котировкасына сәйкес есептеледі. Котировканың ең төменгі көлемі - 150 млн теңге.

"KazPrime" индикаторын қалыптастыру жөніндегі келісімге қазір "ТұранИлемБанкі" АҚ, "HSBC Банк Казахстан" АҚ-ның еншілес банкі, "Ситибанк Казахстан"АҚ, "Казкоммерцбанк" АҚ , "Қазақстан Халық банкі" АҚ, "ДАБ "ABN AMRO Банк Казахстан" АҚ біріккен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны