24.01.2011, 15:30 2828

Қазақстан қор биржасындағы фиксинг қорытындысы бойынша "KazPrime" индикаторы өзгеріссіз қалып, жылдық 1,83 пайызды құрады

Қазақстан қор биржасындағы 2010 - жылғы 24 - қаңтардағы фиксинг қорытындысы бойынша "KazPrime" индикаторы өзгеріссіз қалып, жылдық 1,83 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алматы. 24 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан қор биржасындағы 2010 - жылғы 24 - қаңтардағы фиксинг қорытындысы бойынша "KazPrime" индикаторы өзгеріссіз қалып, жылдық 1,83 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Бұрын хабарлағанымыздай, "KazPrime" индикаторы Қазақстанның банкаралық депозиттер нарығына 3 ай мерзіммен actual/360 есептеу базасына сәйкес ақша шығару ставкаларының орташа мәнін көрсетеді.

"KazPrime" индикаторы Қазақстан қор биржасында Алматы уақытымен 12 сағатқа дейін күнделікті есептеледі. Ол келісімге қатысушылардың Алматы уақыты бойынша сағат 10 мен 11 аралығындағы индикатордың қалыптасуы туралы Қазақстан қор биржасының сауда-саттық жүйесіне берген котировкасына сәйкес есептеледі. Котировканың ең төменгі көлемі - 150 млн теңге.

"KazPrime" индикаторын қалыптастыру жөніндегі келісімге қазір "АТФБанк"АҚ, "Қазкоммерцбанк" АҚ, "Қазақстанның халықтық жинақ банкі" АҚ, "HSBC Банк Қазақстан" АҚ ЕБ, ""RBS (Kazakhstan)" Еншілес банкі" АҚ, "ЦентрКредит Банкі" АҚ біріккен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны