29.02.2008, 13:33 1144

Қазақстан мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін реформалауы қажет - сарапшылар

Қазақстан мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін реформалауы қажет - сарапшылар

Астана. 29 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Тәуелсіз сарапшылар Қазақстанға мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін реформалауы қажет деген нұсқау береді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Есеп комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Есеп комитеті тәуелсіз сарапшылармен бірлесіп, мемлекеттік қаржылық бақылаудың қаржылық заң бұзушылықтардың алдын алу, жою және оған жол бермеудің тиімді тетіктерін жасау үшін зерттеулер жүргізді.

"Зерттеулер барысында есеп комитеті қаржылық бақылауды жүзеге асыруға қатысты шетелдік тәжірибені, оны жүргізу әдістемелерін, бақылау органдарының құрылымын зерделеді. Мемлекеттің қаржылық активтері мен ресурстарын басқару мәселелерін реттейтін заңнама талданды. Мемлекеттік және салалық бағдарламаларды жүзеге асыру мен олардың жобасын жасаудағы қаржылық заң бұзушылықтарды мен кемшіліктерді тудыратын шарттар қаралды", -делінген Есеп комитетінің хабарламасында.

"Зерттеу қорытындылары қаржылық заң бұзушылықтардың айқын жіктелмегендігін көрсетіп берді", -делінген хабарламада. Атап айтсақ, Есеп комитетінің зерттеу материалдарында "мемлекеттік бақылаушы органдардың іс-қызметіне мемлекеттік қаржылық бақылаудың біртұтас әдістемелік базасын жасап енгізу қажеттігі" айтылған.

Бұған қоса, сарапшылар " мемлекеттік қаржылық бақылаудың жалпымемлекеттік стандартын қабылдау, қазіргі бар қайталауларды жою, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының іс-қызметінде өзара ықпалдастықтың жоқтығын" атап көрсетеді. Сарапшылар сонымен қатар "нормативтік-құқықтық актілер мен бақылау шараларын өткізу әдістемелерінде қарама-қайшылықтар мен саңлаулар бар екенін" айтқан.

Зерттеу материалдарында бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару және бухгалтерлік есеп-қисап саласындағы қазіргі бар заңнаманы жетілдіруге қатысты нұсқаулар да бар.

Сарапшылар әкімшілік реформалардың аясында мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін реформалауды ұсынады. Олардың бағалауынша, сыртқы қаржылық бақылаудың тіке жүйесі қалыптасуға тиіс. Сыртқы қаржылық бақылау институттарының өкілетті және атқарушы билік органдарымен тиімді ықпалдасуы үшін бақылау өкілеттілігін тиімді тарату ұсынылып отыр. Есеп комитетіне мемлекет меншігі мен мемлекеттің барлық түрлі міндеттемелерінің толық балансын тексеруге атсалысу құқығын беру қажеттігі атап көрсетілген.

Есеп комитеті зерттеулердің нұсқауларын жоғары деңгейде жүзеге асыру үшін оларды тиісті министрліктерге, үкіметтің кеңсесі мен ҚР президентінің әкімшілігіне жолдауға шешім шығарды.

Есеп комитеті республикалық бюджеттiң атқарылуына сыртқы бақылауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк қаржы бақылауының жоғары органы болып табылады. Есеп комитетiнiң негiзгi мiндеттерi: республикалық бюджеттiң атқарылу мәселелерiн реттейтiн бюджеттiк заңнама және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуын бақылау; Қазақстан Республикасы президентiнiң республикалық бюджеттiң атқарылуына байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын орындау; республикалық бюджетке түсетiн түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын, сондай-ақ республикалық бюджеттен түсетiн түсiмдер сомаларының қайтарылуын бақылау; республикалық бюджет қаражатының, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген займдардың, мемлекет мiндеттемелерiн өтеуге республикалық бюджеттен берiлген қаражаттың, байланысқан гранттардың, мемлекет активтерiнiң нысаналы әрі тиiмдi пайдаланылуына бақылау болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны