23.10.2012, 09:20 3053

Қазақстан мен Австрия арасындағы сауда айналымы 2011 жылы 4 млрд АҚШ долларына жеткен

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ресми сапар аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Австрия Рсепубликасының Федералды президенті Хайнц Фишермен кездескен.

Астана. 23-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Австрия арасындағы сауда айналымы 2011 жылы 4 млрд АҚШ долларына жеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ресми сапар аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Австрия Рсепубликасының Федералды президенті Хайнц Фишермен кездескен.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Хайнц Фишерге Австрияға келіп қайтуға шақырғаны үшін алғысын айта отырып, бұл сапар елдер арасындағы серіктестіктің одан әрі дамуының маңызды белесі болатынын атап өтті.

"Австрия сауда және инвестициялар жөнінен төртінші орын ала отырып, Қазақстанның Еуропадағы аса ірі серіктесі саналады. Сондай-ақ, Қазақстан да Австрия үшін кешегі посткеңестік кеңістіктегі ірі әріптес болып саналады. Атап айтқанда, мұнайдың 37 пайызы Австрия Республикасына біздің елден импортталады. Қазақстанда 100-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Тауар айналымы өткен жылы 50 пайызға артып, 4 миллиард АҚШ долларына жетті. Қазіргі уақытта біздің еліміз ауқымды экономикалық реформаларды жүзеге асыруда. Осылайша, біз индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асырып жатырмыз, оған 70 миллиард доллар бөлінуде. Қазірдің өзінде 15 миллиард долларға біз түрлі жеңілдіктер жасалған 400 кәсіпорын салдық. Жер беріледі, инфрақұрылым жүргізіледі, қаржыландыруға мемлекет қатысады. Біз австриялық компанияларды өзімізбен ынтымақтасуға шақырамыз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті еліміз үшін Австрияның шағын және орта бизнестегі де, "жасыл" экономикадағы да тәжірибесінің аса маңызды екеніне тоқталды. Осыған орай Қазақстанның "ЭКСПО-2017" көрмесін өткізуге берген тапсырысының тақырыбы болашақтың энергиясымен тығыз байланысты екені айтылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны