18.01.2017, 11:45 5195

Қазақстан мен Біріккен Араб Имірліктері бірлескен инвестициялық платформа құрады

"Бәйтерек" холдингі мен "Mubadala Development Company PJSC" Қазақстан аумағы мен өзге көрші елдердіӊ басым нарықтарындағы инфрақұрылымдық және өзге де жобаларды бірлесіп қаржыландыру үшін жақын арада өзара инвестициялық платформа құруға келісті.

Астана. 18 қаӊтар. Kazakhstan Today - Биылғы жылдыӊ 17 қаӊтарында ҚР Премьер-Министрініӊ бірінші орынбасары Асқар Мамин БАИ Вице-премьері мен БАИ Президенті істері жөніндегі министрі шейх Мансур бен Заид Аль Нахаянмен келіссөздер жүргізді.

Келіссөздер барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ БАИ-ге 15-16 қаӊтардағы ресми сапары барысында қол жеткізілген, жоғарғы деӊгейдегі уағдаластықтарын іс жүзіне асыру жолдары қарастырылды.

Тараптар энергетика, мұнайхимия, атом өнеркәсібі, көлік және логистика, әскери-техникалық салалардағы ортақ жобаларды дамытуға дайын екендерін растады.

"Бәйтерек" холдингі мен "Mubadala Development Company PJSC" Қазақстан аумағы мен өзге көрші елдердіӊ басым нарықтарындағы инфрақұрылымдық және өзге де жобаларды бірлесіп қаржыландыру үшін жақын арада өзара инвестициялық платформа құруға келісті.

ҚР мен БАИ-ніӊ энергетика министрліктері ҚР-да мұнайгазхимия кешені құрылысыныӊ жобасына тараптардыӊ қатысу мүмкіндігін талқылады.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы мен "Etihad Rail" ұлттық теміржол компаниясы БАИ мен үшінші елдерде бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

БАИ атом энергиясы жөніндегі корпорациясы "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК"-мен ядролық энергияны бейбіт түрде пайдалану саласында екіжақты қарым-қатынасты дамытуға ниет білдірді.

Имірлік тарабы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери оқу-жаттығу орталықтарыныӊ инфрақұрылым нысандарын инвестициялау мәселесін қарастыруға мүдделілік танытты.

Имірлік тарапынан келіссөздерге энергетика министрі Сухейл Мухаммед аль-Мазруи, Абу-Даби Атқарушы кеӊесініӊ мүшесі, "Мубадала Девелопмент" компаниясыныӊ Бас атқарушы директоры, БАИ атом энергиясы жөніндегі корпорациясыныӊ басқарма басшысы Халдун Халифа аль-Мубарак, Абу-Даби қаласыныӊ мэрі, "Etihad Rail" ұлттық теміржол компаниясы Директорлар кеӊесініӊ төрағасы, инженер Ауд Муршид аль-Мурур, қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелері жөніндегі сыртқы істер министрініӊ орынбасары Фарис аль-Мазруи және ҚР-дағы БАИ елшісі Мухаммед аль-Джабер қатысты.

Кездесуге қазақстандық тараптан Энергетика министрі Қ. Бозымбаев, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Атамқұлов, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Қ. Алпысбаев, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарма төрағасы Е. Досаев, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасы А. Жұмағалиев және БАИ-дегі Қазақстан елшісі Қ. Лама Шариф қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны