06.09.2012, 16:10 3231

Қазақстан мен Эстония арасындағы сауда айналымы қаңтар-шілде айларында 13,2 млн АҚШ долларын құрады

Қазақстан мен Эстонияның арасындағы сауда айналымы көрсеткіші көңіл көншітерліктей емес. 2011 жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 63 миллион долларды құраған. 2012 жылғы қаңтар-маусым айларында тауар айналымы 13,2 миллион долларды құрап отыр.

Астана. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эстония Премьер-Министрі Андрус Ансиппен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан мен Эстонияның арасындағы сауда айналымы көрсеткіші көңіл көншітерліктей емес. 2011 жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 63 миллион долларды құраған. 2012 жылғы қаңтар-маусым айларында тауар айналымы 13,2 миллион долларды құрап отыр.

Бұған жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс та өз әсерін тигізген. Сондықтан да, екі мемлекет осындай олқылықтың орнын толтырып, әлеуеттерді кеңінен пайдалануға ұмтылмақшы. Бүгін Астанада өтіп жатқан қазақстандық-эстондық бизнес форумның мақсаты да осыған саяды.

Жалпы алғанда Қазақстан мен Эстония арасындағы екіжақты сауда айналымының көрсеткіші соншалықты жоғары емес, бұған жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс та өзінің кері әсерін тигізіп отыр. Сондай-ақ 2011 жылы елдер арасындағы тауар айналымы біршама төмендеп, 63 млн. долларды құраған. Бұл ретте экспорт 37,8 млн. долларды, ал импорт 25,2 млн. долларды құрайды. Аталмыш көрсеткіш 2010 жылға қарағанда 15,4 пайызға төмен.

Сонымен қатар, келтірілген мәліметтерге қарағанда, 2012 жылдың алғашқы жартыжылдығында елдер арасындағы тауар айналымы 13,2 млн. долларды құрады. Бұл 2011 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 3 есеге төмен көрсеткіш.

Ал 2001 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықта Эстонияның Қазақстанға салған жалпы инвестициясының ауқымы 45,7 млн. долларды құрайды. Оның ішінде 2012 жылдың алғашқы тоқсанындағы инвестиция 28,9 млн. долларға жеткен. Ал 2012 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, Қазақстанда эстон капиталының қатысуындағы 54 кәсіпорын тіркелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны