15.04.2008, 19:16 4615

Қазақстан мен Германия ауылшаруашылығы саласында ынтымақтастық бағдарламасына қол қоюды жоспарлауда

Қазақстан мен Германия ауылшаруашылығы саласында ынтымақтастық бағдарламасына қол қоюды жоспарлауда

Астана. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Германия ауылшаруашылығы саласында ынтымақтастық бағдарламасына қол қоюды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев пен Германияның Федеративтік азық-түлік, ауыл шаруашылығы және тұтынушылар құқын қорғау министрлігінің парламентік статс-хатшысы Герд Мюллер өзара кездесуде уағдаласты, деп хабарлайды агенттік ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес , Германия жағы заңдық базаны қалыптастыру барысында кеңес беру, азық-түлік қауіпсіздігін саласында, сонымен қатар нақты аграрлық жобаларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан-Германияаралық ынтықмақтастық бағдарламасына қол қоюды ұсынып отыр. Мұндай бағдарламаға Германия бұған дейін Ресеймен ғана қол қойған.

"Бүгін кешке Қазақстан мен Германияның ауыл шаруашылық министрліктерінің арасындағы ынтымақтастық жөнінде бірлескен мәлімдемеге қол қойылады деп жоспарланып отыр", делінген министрліктің хабарламасында.

Кездесуде екі ел арасындағы АӨК саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған шаралар пысықталды.

"Екі ел арасында ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы жақсы дамып келеді. Исіресе механикаландыру бағытында басымдыққа ие. Өнімді ысырапсыз жинап алуға мүмкіндік беретін комбайндардан бастап, өсімдік зиянкестеріне қарсы қолданылатын дәрі-дәрмектер, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және ветеринария саласында да бірлескен көлемді жобалар атқарылып жатыр", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ауыл шаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев бүгінгі кездесуден кейін екі елдің ауыл шаруашылығы саласындағы бұған дейін бастаған шаралары одан әрі дамып, үлкен нәтижеге жеткізетініне сенім білдірді. Ол еліміздің АӨК саласына қатысты айта келіп, комбайн паркін жаңарту, биоотын, оның ішінде биоэтонол, биодизель жасау, асыл тұқымды мал шаруашылықтарын дамыту мақсатында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді.

Өз кезегінде Федеративтік азық-түлік, ауыл шаруашылығы және тұтынушылар құқын қорғау министрлігінің парламентік статс-хатшысы Герд Мюллер екі ел арасындағы ынтымақтастықты үкімет аралық деңгейіндегі талқылап отыруға ұсыныс жасады. ДСҰ-на кіруге ұмтылып отырған Қазақстанның заң талаптарын стандартқа сәйкестендіруге көмек көрсетуге дайын екендерін жеткізді.

Сонымен қатар германиялық делегацияның сапары барысында Ауыл шаруашылығы министрінің басшылығымен еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға арналған "дөңгелек үстел" болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны