13.02.2008, 16:43 2633

Қазақстан мен Қырғызстанның инвестициялық қоры таяу уақыттарда жұмысын бастайды

Қазақстан мен Қырғызстанның инвестициялық қоры таяу уақыттарда жұмысын бастайды

Бішкек. 13 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан мен Қырғызстанның инвестициялық қоры таяу уақыттарда жұмысын бастайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы істерін уақытша жауаптанған Боранбек Илбергенов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан мен Қырғызстанның инвестициялық қорын рәсімдеуге қатысты техникалық мәселелер аяқталды", - деді Б. Илбергенов.

Бұдан былай қор жұмысы басталып, оның қаржысы екі елдің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға бағытталады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Қырғызстанның инвестициялық қорын құру туралы келісімге екі елдің үкімет басшылары былтыр қол қойған.

Қорға бастапқыда $120 млн қаржы аударылады, оның $100 млн - Қазақстан , $20 млн Қырғызстан шығарады.

Қазір Қырғызстандағы Қазақстан инвестициясының басым бөлігі өнеркәсіп, қаржы секторы мен туризмге жұмсалуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны