29.03.2007, 17:31 3195

Қазақстан мен Польша Қазақстанды Одесса-Броды жобасына біріктіру бойынша сарапшылардың жұмыс тобын құрды

АСТАНА. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Польша Қазақстанды Одесса-Броды жобасына біріктіру бойынша сарапшылардың жұмыс тобын құрды. Бұл туралы Польша президенті Лех Качиньский бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Одесса - Броды - Плоцк - Гданьск бағытындағы мұнай құбырына қатысты мәселелер бойынша сарапшылар арасындағы келіссөздер тез арада басталады",- деді Л.Качиньский.

"Қазақстан таза прагматикалық тұрғыдан өзінің энергетикалық қорын шетелдерге шығаратын балама жолдарды көбейтуден мүдделі. 2012-2015-жылдары Қазақстан халықаралық нарыққа мұнай шығаратын алпауыт сатушылардың біріне айналады",- деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде.

"2012-2015-жылдары экспортқа шығарылатын мұнай көлемінің екі есе артатындығы бізді жаңа жолдарды іздеуге итермелейді. Сондықтан да Одесса - Броды - Плоцк - Гданьск бағыты біз үшін жақсы балама",- деді мемлекет басшысы. Сонымен бірге президенттің пікірінше, жобаны жүзеге асыруда бірнеше түйткіл бар. "Бірінші мәселе - Одессадан Бродыға жеткізілетін мұнайдың көлемі. Қажетті көлем егер КТК өзінің өткізгіштік қабілетін 23 млн тоннадан 40 млн тоннаға дейін өсірген жағдайда ғана пайда болады. Қазір біз осы мәселе бойынша Ресеймен келіссөздер жүргізіп жатырмыз",- деді Н.Назарбаев.

"Алдын-ала есеп бойынша, егер біз Одесса - Броды - Гданьск бағытында мұнай айдай бастайтын болсақ, тасымалдау төлемі бір тоннасына 58 долларды құрайды. Бұл қазіргі бағадан 24 доллар артық",- деді президент. "Бұл келіссөздерге арқау мәселе, тұйықтан шығар жол табуға мүмкіндік бар",- деді ол.

"Біз тиісті құрылымдарға келіссөздер жүргізуді тапсырдық",- деді ол. "Бұл келіссөздерге тиісті ресейлік құрылымдарды міндетті түрде шақыру керек. Бұл - саяси емес , экономикалық мәселе",- деді Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны