27.05.2010, 16:22 3182

Қазақстан мен Ресей Су-24, Су-27 және МиГ-29 ұшақтарының қозғалтқышын жөндейтін бірлескен кәсіпорын құрады

Қазақстан мен Ресей Су-24, Су-27 және МиГ-29 ұшақтарының қозғалтқышын жөндейтін бірлескен кәсіпорын құрады

Астана. 27 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан мен Ресей Су-24, Су-27 және МиГ-29 ұшақтарының қозғалтқышын жөндейтін бірлескен кәсіпорын құрады. Бұл туралы бүгін РФ Искери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі федералдық қызметі директорының орынбасары Константин Бирюлин халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүліктер көрмесі аясында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біздің еліміздегі жетекші авиациялық қозғалтқыш жасаушы - авиамоторлық "Салют" компаниясы Қазақстанның кәсіпорындарымен белсенді диалог өрбітіп жатыр. Авиациялық қозғалтқыштарды жөндеу жұмыстары Қазақстанда жүргізілетін болады", - деді ол.

"Біз Батыс Қазақстан облысындағы машина жасау компаниясымен Оралда Су-24, Су-27 және МиГ-29 ұшақтарының қозғалтқышын жөндейтін және газ айдауға арналған жабдықтарды өндіретін бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі меморандумға қол қойып отырмыз. Бірлескен кәсіпорын біздің көмегімізбен Оралдағы кәсіпорынның негізінде құрылады",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны