13.10.2006, 13:14 3071

Қазақстан мен Татарстан мұнайхимиясы саласындағы ынтымақтастықты дамытудан мүдделі

АСТАНА. 13-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан мен Татарстан мұнайхимиясы саласындағы ынтымақтастықты дамытудан мүдделі. Бұл туралы республика үкімет басшысы Даниал Ахметов бүгін Татарстан премьер-министрі Рустам Миннихановпен кездесуден кейін БАҚ-қа арнап өткізілген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз мұнайхимиясы саласындағы ынтымақтастыққа қатысты өте күрделі мәселелерді талқыладық. Біз сонымен бірге "Қазына" өкілдері жуырда Татарстанға барып, Қазақстанның мұнайхимиясы саласы бойынша Татарстанда қазір салынып және жаңаланып жатқан зауыттарға қатысу мүмкіндіктерін зерттеу жолдарын қарадық",- деді үкімет басшысы.

Д.Ахметов қазан айының басында РФ өнеркәсіп және энергетика министрі Виктор Христенко мен ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетовтың Орынбор газ өңдеу зауытының негізінде бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойғанын еске салды.

Сонымен бірге 2006-жылдың 17-шілдесінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин "Үлкен сегіздік" саммиті шеңберінде Санкт-Петербургте өткен кездесуде Қарашығанақ кенішінен шыққан газды өңдеу және сату саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту жөніндегі біріккен декларацияға қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны