30.10.2018, 15:12 7231

Қазақстан мен Түркия теміржол әкімшіліктері ТХКБ бойынша жүк тасымалын арттыруды көздеп отыр

ҚР мен ТР арасындағы жүк айналымы 2018 жылдыӊ 9 айында 2,5 есе артып, 766,9 мыӊ тоннаны құраған. Бұл түсті металдар мен астық арту көлемініӊ артуы есебінен жүзеге асып отыр. Бұл ретте контейнерлермен тасымалдау технологиясын белсенді пайдалану қолға алынған.

Астана. 30 қазан. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 25 қазанында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Қанат Алпысбаев Түрік темір жолыныӊ бас директоры Вейси Куртпен теміржол көлігі саласындағы ыӊтымақтастық мәселелерін талқылады.

ҚР мен ТР арасындағы жүк айналымы 2018 жылдыӊ 9 айында 2,5 есе артып, 766,9 мыӊ тоннаны құраған. Бұл түсті металдар мен астық арту көлемініӊ артуы есебінен жүзеге асып отыр. Бұл ретте контейнерлермен тасымалдау технологиясын белсенді пайдалану қолға алынған. Дәнді дақылдарды Түркия бағытына контейнерлермен тасымалдау 1378 ЖФЭ жеткен.

2018 жылдыӊ 12 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Н.И.Назарбаевтыӊ Түркияға жасаған сапары аясында Анкарада өткен қазақстандық-түркиялық инвестициялық форум барысында "Қазақстан темір жолдары" ҰК" АҚ мен Түркия темір жолдары ("TCDD Tasimacilik A.S." АҚ) арасында стратегиялық ыӊтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Аталған Келісім Транскаспийлік халықаралық көлік дәлізі шеӊберінде ҚР мен ТР аумағында көлік-логистикалық жүйе және көлік әлеуетін дамыту саласында бірлескен жұмысты қарастырады.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ басшысы Транскаспийлік халықаралық бағыт бойынша жүкайналымын тарту және елдер арасындағы контейнермен тасымал әлеуетін жүзеге асыруды қосқанда, 2020 жылға қарай тасымалды 5 млн тоннаға жеткізуде бірлесе әрекет етуге шақырды.

Тараптар бірлескен келісімдерді жүзеге асыру жөніндегі операторларды айқындап алуға уағдаласты. Қазақстандық тараптан үйлестіру "KTZ Express" АҚ жүктелсе, түрік жағынан "TCDD Tasimacilik A.S." АҚ ұсынылды.

Түрік темір жолдарыныӊ Бас директоры Астанадағы көліктік мәшине жасау нысандарын аралап, "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА, "Қорғас" ХШЫО, "KTZE - Khorgos Gateway" Құрғақ порты терминалды кешені және Алтынкөл станциясыныӊ инфрақұрылымдары мен жұмыстары жайлы жан жақты хабардар болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны