06.06.2006, 19:05 2772

Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау мәселесі келесі аптада тағы бір талқылануы мүмкін

БАКУ. 6-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстан мұнайын Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен тасымалдау жөніндегі келісім жобасының кезекті талқылауы алдағы аптада өтуі мүмкін. Бұл туралы Изербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының шетелдік инвестициялар басқармасының бастығы Вагиф Илиев журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

В.Илиевтің айтуынша, бұл құжатқа қатысты негізгі тұжырымдамалық мәселелер келісілген. “Келісімге қол қойылғанға дейін екі ел сарапшылары тағы бір кездесуі мүмкін. Соңғы ақпаратқа сәйкес, Қазақстан жағы тағы бір кездесу өткізуге ниет білдірген. Бұл кедесу келесі аптада өтуі мүмкін. Бірақ әзірге кездесу мерзімі мен орны анықталған жоқ”,- деді В.Илиев.

Изербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының шетелдік инвестициялар басқармасының бастығы үкіметаралық келісімге алдағы екі айда қол қойылатынын хабарлады. “Изірге құжатқа қатысты жұмыстар жалғасып жатыр. Келісімге, меніңше, маусымның аяғына дейін, немесе, шілдеде қол қойылады. Ал Азиядағы өзара ықпалдастық және келісім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының 17-маусымдағы саммиті аясында қол қою мәселесіне келсек, бұл- қатаң келісілген мерзім емес, алдын-ала уағдаластық қана. Бірақ біз осы мерзімге дейін жұмыстарды аяқтауға тырысатын боламыз”,- деді В.Илиев.

Ал ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің орындасары Ләззат Қиынов келісім аяқталып келеді, оған Азиядағы өзара ықпалдастық және келісім шаралары жөніндегі кеңес ұйымының 17-маусымдағы саммиті аясында қол қойылады деп хабарлады. “Бұл мерзімді ешкім кейінге шегерген жоқ, келісімге осы уағдалы мерзімде қол қойылатынына сенеміз”,- деді Л.Қиынов.

Оның айтуынша, Изербайжан жағы келісімге қатысты кезекті талқылауларға шақырылған.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны