19.01.2016, 15:17 4026

Қазақстан нарығына итальяндық Cremonini тобыныӊ құрылымына кіретін Inalca Eurasia ірі агроөнеркәсіптік трансұлттық корпорация кіруде.

Осы ретте, қазақстандық "Актеп" компаниясы және Inalca Eurasia трансұлттық корпорация арасында "100 нақты қадам" ұлт жоспары шеӊберіндегі "етті өндіру және қайта өндеуді дамытуға стратегиялық инвесторларды тарту" 61 қадамын жүзеге асыру мақсатныда меморандумға қол қойылды

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - Осы ретте, қазақстандық "Актеп" компаниясы және Inalca Eurasia трансұлттық корпорация арасында "100 нақты қадам" ұлт жоспары шеӊберіндегі "етті өндіру және қайта өндеуді дамытуға стратегиялық инвесторларды тарту" 61 қадамын жүзеге асыру мақсатныда меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Inalca Eurasia" еліміздіӊ ет саласына 100 млн. евродан астам инвестиция салуға шешім қабылдады, осы инвестициялар республикамыздыӊ үш облысында жалпы қуаттылығы 44 мыӊ бас малды бір уақытта бордақылайтын бордақылау алаӊдарыныӊ құрылысы үшін сатылас-біріктірілген компанияны құруға бағытталатын болады. Одан басқа, Ақтөбе облысындағы еткомбинатын қуаттылығы 20 мыӊ тонна ет және ет өнімдерін өндіруге арттыра отырып жаӊғырту жоспарланған. "Inalca Eurasia" компаниясы қазақстандық ет брендын қалыптастыруға және Ресей Федерациясы мен Еуропа елдерін ет экспортымен қамтамасыз етуге ниетті.

"Актеп" компаниясы 2015 жылы ай сайын тұрақты түрде 200 тона көлемінде ет экспорттауға шығып отыр. 2016 жылы ет өнімдерін экспорттауды жылына 12 000 тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Қуаттылығы жылына 7200 тона ет өндіретін заманауи етөндейтін зауыт салынды. Осыныӊ барлығы компанияныӊ етті мал шаруашылығындағы өӊіраралық кооперациясыныӊ орталығы болуға мүмкіндік береді.

Үш облыстардыӊ әкімдіктері, министрлік және "Inalca Eurasia" компаниясы аралығында, өӊірлердегі ет экспортыныӊ әлеуетін арттыруға міндеттер мен индикативті көрсеткіштерді анықтайтын етті мал шарушылығы саласында өӊіраралық кооперация құру бойынша бірлескен іс-әрекеттер жоспарына қол қойылды.

Өткен жылдыӊ қараша айында "Евразия агрохолдинг" және "Rifa Holding Group" қытай трансұлттық компаниялары арасында Шығыс-Қазақстан облысыныӊ Аягөз ауданында қуаттылығы 17 мыӊ тонна ет өнімін құрайтын ет комбинатыныӊ құрылысы бойынша бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асыру бойынша меморандумға қол қойылды. Өнім Қытайға экспорттауға бағдарланатын болады.

Қазіргі уақытта ҚР АШМ-ніӊ ветеринариялық бақылау қызметі ҚХР-ныӊ ветеринариялық қызметімен бірге Қазақстаннан Қытайға мал шаруашылығы өнімдерін өткізуге қойылған тыйымдар мен шектеулерді алып тастау, сонымен қатар сиыр және қой еті бойынша қытай нарығына рұқсат алу сұрақтары пысықталуда. Осы мәселеніӊ оӊ шешілуі де ет және ет өнімдерін өткізу нарығын кеӊейтуге мүмкіндік береді.

ҚХР-на ресми сапар кезінде нәтижесінде қазақстан етін Қытайға өткізуге рұқсат берілетін, ағымдағы жылы ет және ет өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бойынша бірлескен инспекциялау бойынша келісімге қол жеткізілді.

ҚР АШМ Баспасөз-қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны