09.01.2009, 19:01 2956

Қазақстан премьер-министрі қаржы бөлуді және Екібастұздағы 2-ші ГРЭС-тің үшінші блогын сала бастауды тапсырды

Қазақстан премьер-министрі қаржы бөлуді және Екібастұздағы 2-ші ГРЭС-тің үшінші блогын сала бастауды тапсырды

Павлодар. 9 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов қаржы бөлуді және Екібастұздағы 2-ші ГРЭС-тің үшінші блогын 2009 жылы сала бастауды тапсырды. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев өңірдің металлургиялық кәсіпорындарына жасаған жұмыс сапары кезінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Екібастұздағы 2-ші ГРЭС-тің үшінші блогының құрылысы Ұлттық қордың есебінен қаржыландырылады.

"Мемлекеттік сараптама" РМК қорытындысына сәйкес, үшінші блокты салудың сметалық құны 68 414 млрд теңгені құрайды. Құрылыс 4 жылға созылады. Станцияны салу және жабдықтарды монтаждау сатысында 2 мыңнан астам адам жұмыс орындарын табады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны