24.02.2009, 17:34 3308

Қазақстан премьер-министрі Қазақстандағы мұнай саласына инвестиция салу қажет деп санайды

Қазақстан премьер-министрі Қазақстандағы мұнай саласына инвестиция салу қажет деп санайды

Астана. 24 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қазақстандағы мұнай саласына инвестиция салу қажет деп санайды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Меніңше, бұл - біз үшін инвестиция жұмсайтын саланың өзі. Бұл - өнімін өткізетін нақты рыногы бар нақты сала. Құлдырау циклінен кейін қайта өсу болатындықтан, және біз тағы да мұнай өнімдерінің тапшылығына тап келетініміз анық болғандықтан, тағы да әкімшілік тәсілмен жұмыс істеуге тура келетіндіктен, бұл - біздің сұранысымыз түсетін сала", -деді Кәрім Мәсімов.

Премьер-министр "мұнай саласына инвестиция жұмсап, дамытуға тырысатын сәт туды", деді. Сол себепті "Самұрық-Қазына" ЭМРМ, Көлік және коммуникация министрліктерімен және басқа да мекемелермен бірлесе отырып, "инвестициялық бағдарламаларда осы жайтты қарастыруы керек, өйткені, бұл да электр қуатын өндіру секілді нақты өндіріс саласы", деді.

Ол Сауат Мыңбаевқа осы мәселені дәйектеп, "Самұрық-Қазына" және "ҚазМұнайГазбен" бірлесіп, қаулы дайындауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны