04.12.2009, 14:49 3399

Қазақстан президенті шетелдік инвесторларды Каспий энергетикалық хабын құру жобасын қолдауға шақырды

Қазақстан президенті шетелдік инвесторларды Каспий энергетикалық хабын құру жобасын қолдауға шақырды

Астана. 4 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан президенті шетелдік инвесторларды Каспий энергетикалық хабын құру жобасын қолдауға шақырды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесінің жалпы мәжілісінің қорытындысы бойынша мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз қазір Каспий энергетикалық хабын құру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ол Ақтаудан солтүстікке қарай Қазақстанның негізгі мұнайгаз кеніштеріне таяу жерде орналасады. Бұл хаб энергетика саласындағы өнеркәсіптік білім беру және ғылыми кешен жасақтауға бағытталады. "Самұрық - Қазына" қоры бұл жобаны жүзеге асырумен шұғылдануда. Кеңес мүшелері осынау аса маңызды жобаға қажетті қолдау көрсетеді деген үміттемін", - деді Н. Назарбаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Каспий энергетикалық хабы энергетикалық саланы одан әрі дамуына қажетті қызмет пен салалардың кластерін құратын болады. Оның аймағында мұнайгаз және сервистік компанияларына арналған жоғары дәрежелі өндірістік инфрақұрылым, халықаралық деңгейдегі техникалық университет, мамандандырылған зертханалар, геофизикалық деректерді анықтайтын орталық, қоршаған орта мен мемлекеттің қауіпсіздігіне байланысты туындайтын дағдарыс жағдайын басқаратын орталық құрылады.

Сондай-ақ, Қазақстанның мұнайгаз өнеркәсібі жөніндегі деректерді сақтайтын электрондық кітапхана, техникалық ғылыми зерттеу орталығы, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған заманауи инфрақұрылымдар мен телекоммуникациялар болады.

"Бұл жобаны жүзеге асыру арқылы инфрақұрылымдардың дамуына қомақты мөлшерде шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік пайда болып, Ақтауда жаңа жұмыс орындары ашылып, іскерлік қарқындылық жандандырылады. Бұл Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясына сәйкес келеді ", -деп атап өтті облыс әкімі Қ. Көшербаев.

Ол атап өткеніндей, халықаралық техникалық университетінде дәріс беретін жетекші мамандар шетелдік жоғары оқу орындарынан шақырылады деп жоспарланған, бұл Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасына сәйкес келеді.

Ол түсіндіргеніндей, энегетикалық хаб Каспий маңындағы кеңістігінде мұнайгаз секторының толыққанды дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді Сондай-ақ, Каспийдің барлық өңірін, Қазақстанның мұнайгаз өнеркәсібіне қажетті коммерциялық, техникалық және адам ресурстарымен қамтамасыз етеді.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Каспий энергетикалық хабы экономикалық даму жобасы болып табылады, оның басты мақсаты -аймақтың мұнайгаз индустриясының, техникалық, коммерциялық тұтынуына жауап беретін және толық қызмет көрсететін энергетикалық кәсіпорынға айналу.

Каспий энергетикалық орталық заманауи ең соңғы технологиялармен шығарылған құрал -жабдықтармен жабдықталатын болады. Жобаны жүзеге асыру үшін $10 млрд астам қаржы жұмсалады. Жоба үш-бес жыл ішінде аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны