12.10.2007, 18:33 2840

Қазақстан президенті үкімет пен "Қазына" қорына қазақстандық компаниялардың акцияларын сатып алу мәселесін қарастыруды тапсырды (толықтырылған нұсқа)

Қазақстан президенті үкімет пен "Қазына" қорына қазақстандық компаниялардың акцияларын сатып алу мәселесін қарастыруды тапсырды.

Астана. 12 қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Мен үкімет пен "Қазына" қорына қазақстандық компаниялардың акцияларын сатып алу мәселесін қарастыруды тапсырдым", - деді бүгін "Қазақстан -2030" стратегиясының қабылдануына 10 жыл толуына арналған халықаралық конференцияның жалпы отырысының аяқталуына орай баспасөз сұрақтарына жауап беруге шыққан президент Нұрсұлтан Назарбаев.

"Қазақстандық компаниялардың рейтингі құлдыраған кезде көреміз", -деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы батыстың рейтингтік агенттіктерінің Қазақстанның елдік рейтингін төмендетуін "обьективті емес әрі алыпсатарлық сипатта" деп бағалады. "Бұл кейбір арнаулы компаниялардың бағаны түсіре келе, акцияларды сатып алуға жасап отырған ойыны", - деген сенімде президент.

"Дүниежүзі бойынша алғанда еліміздің өсім қарқыны аса жоғары, банк жүйесі тұрақты, бірақ соған қарамастан, рейтингті төмендетіп отыр. Ал біздің банкирлеріміз бен мамандарымыз болса сарапшылармен жұмыс істеуге қарымы жетпей, жағдайдың керісінше екенін, ешбір нашарлаудың болмағанын дәлелдей алмады", - деді ол. "Кеше осы жөнінде сөз қозғалды: біз еліміздегі экономикалық ахуал туралы көбірек айтуға, Қазақстан үшін ешбір қауіп жоқ екенін, біздің банктердің рейтингін төмендетуге нақты негіз жоқтығын талмай айта беруге тиіспіз", - деді Н. Назарбаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 8 қазанда Standard & Poor's Қазақстанның шетел валютасындағы міндеттемелерінің ұзақ мерзімді рейтингін "ВВВ" деңгейінен "BBB-" дейін төмендетті. Болжам - "тұрақты". Сонымен бірге, S&P республиканың ұлттық валютадағы міндеттемелері бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингтерін "BBB+ /A-2" деңгейінен "BBB/A-3" дейін төмендетті.

Кейінгі бірнеше жылда Kazakhmys, KazakhGold, Chagala Group, ShalkiyaZinc, Kazakhstan Kagazy, ""ҚазМұнайГаз" Барлау. Өндіру" АҚ, "АльянсБанк" АҚ, "Қазкоммерцбанк" АҚ, "Халық банкі" АҚ секілдщі банктер Лондон биржасына ІРО шығарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны