09.10.2007, 19:17 3401

Қазақстан Ресейдің Омск облысы үшін ТМД елдерінің ішіндегі экономикалық көшбасшы серіктесі болып табылады

Қазақстан Ресейдің Омск облысы үшін ТМД елдерінің ішіндегі экономикалық көшбасшы серіктесі болып табылады

Павлодар. 9-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Ресейдің Омск облысы үшін ТМД елдерінің ішіндегі экономикалық көшбасшы серіктесі болып табылады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыс әкімшілігінен хабарлады.

Омск облысы басшыларының ақпараттарына сүйенсек, 2007 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанмен арадағы сауда айналамы 430 млн АҚШ долларын жетеді. "Қазір облыс аумағында 30-дан астам ресейлік-қазақстандық кәсіпорын жұмыс істейді",- деп атап өтті аймақ әкімшілігіндегілер.

Аймақ әкімшілігіндегілердің атап өтуінше, Омск облысының сыртқы тауар айналымының бестен бір бөлігі Қазақстанның үлесіне тиесілі.

Облыс әкімшілігі сондай-ақ, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Ресупбуликасының 1999 - 2007 жылдарға арналған шекаралық ынтымақтастық Бағдарламасы аясында Омск облысы көршілес шекаралас облыстармен экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы бірқатар екіжақты келісім шарттар жасағандығын атап өтті. Қазір аймақ Ресей Федерациясының субъектілері арасында көршілес аймақтармен экономикалық ынтымақтастық жасауда көшбасшы болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны