26.10.2009, 14:48 2978

Қазақстан Республикасы мұнай өнімдері нарығындағы бәсекелестікті дамыту және қорғау жөніндегі Сарапшылар кеңесінің ережесі мен құрамы бекітілді - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі

Қазақстан Республикасы мұнай өнімдері нарығындағы бәсекелестікті дамыту және қорғау жөніндегі Сарапшылар кеңесінің ережесі мен құрамы бекітілді - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігі

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы Мәжит Есенбаев мұнай өнімдері нарығындағы бәсекелестікті дамыту және қорғау жөніндегі сарапшылар кеңесінің ережесі мен дербес құрамын бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сарапшылар кеңесінің негізгі міндеттері монополияға қарсы заңнаманың сақталуын мемлекеттік қадағалаудың тиімділігін арттыру, мұнайөнімдері нарығын мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жетілдіру туралы , оның ішінде саланы бәсекелестік ортасының ахуалын бағалау негізінде ұсыныстар дайындау болып табылады.

Сарапшылар кеңесінің төрағасы болып агенттік төрағасының орынбасары Жанат Қожахметов тағайындалды.

Сарапшылар кеңесі құрамына мұнай мен мұнай өнімдері нарығының субъектілері, мүдделі мемлекеттік органдар және қоғамдық бірлестіктер мен одақтар өкілдері кірді.

Агенттік жанынан құрылған Сарапшылар кеңесінің мәжілісі өзекті мәселелерді талқылауға қажеттілікке қарай шақырылатын болады.

Сарапшылар кеңесінің бірінші мәжілісін Агенттік төрағасының қатысуымен қазан айының соңында өткізу жоспарланған. Аталған мәжілісте мұнай өнімдері нарығындағы жағдаятты тұрақтандырудың тетіктері қарастырылып, аталған нарықты болашақты дамытудың ұсыныстары талқыланады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Сарапшылар кеңесі жұмыс барысында Федералдық монополияға қарсы қызметі (Ресейдің МҚҚ) жанынан құрылған мұнай нарығы және мұнай өнімдері нарығындағы бәсекелестікті дамыту бойынша Сарапшылар кеңесімен тығыз байланыста жұмыс істеу көзделген. Бұл жұмыстар мұнай мен мұнай өнімдерін еларалық сатудың проблемаларына бағытталады, нарыққа кірудегі кедергілер және басқа да өзекті мәселелерді, атап айтқанда Кедендік Одақ шеңберіндегі экономикалық қызметтерге қатысты мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді. Қазақстан Республикасы монополияға қарсы органының ұсынысымен, Ресейдің монополияға қарсы қызметі жанындағы мұнай нарығы және мұнай өнімдері нарығындағы бәсекелестікті дамыту бойынша сарапшылар кеңесі құрамына "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ өкілі енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны