28.05.2008, 15:58 3194

Қазақстан Республикасында 2007 жылы мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінің саны 12,5 % ұлғайды -статистика агенттігі

Қазақстан Республикасында 2007 жылы мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінің саны 12,5 % ұлғайды -статистика агенттігі

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасында 2007 жылы мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінің саны 12,5 % ұлғайды, деп хабарлайды агенттік Қазақстан Республикасының Статистикалық агенттігінің ақпаратына сүйене отырып.

"Былтырғы жылмен салыстырғанда мекемелер саны 12,5%, ал балалар қатары 12,1% ұлғайды. Тәрбиеленіп жатқан қыздар 47,7%, ал ер балалар қатары 52,3% жетті", - деп айтылған статистика агенттігінің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, ҚР 2007 жылы тұрақты түрде 1493 мектепке дейінгі балалар ұйымдары жұмыс істеген. Онда 232,9 мың бала тәрбиеленді. 1353 (90,6%) мемлекеттік ұйымда 214,9 мың бала тәрбиеленді (жалпы көлемнің 92,3%). Ал үштен жоғары жастағы балалар қатары 88,1% құрады.

Қазақстан бойынша жалпы 100 орынға 108 бала келеді, ал қалалық және ауылды аймақтарда бұл көрсеткіш 113 және 89 құрайды, деп атап өтті статистика агенттігінің мамандары.

Статистикалық деректер бойынша, 2007 жылы жұмыс істеген мектепке дейінге тәрбие беру ұйымдардың жалпы көлемінің 1384 (92,7%) жалпы мақсаттардағы мекемелер болса, 54 - санаториялық, 49 - арнайы ұйымдар болған. Жалпы мақсаттардағы ұйымдарда 218,2 мың бала тәрбиеленсе (тәрбиеленушілердің жалпы саны 93,7% ), санаториялық режимдегі мекемелерде- 5,8 мың бала, арнайы ұйымдарда - 8,2 мың бала тәрбиеленді.

Статистикалық агенттігі хабарлағанындай, мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарында балалар қазақ, орыс, корей, ұйғыр, неміс тілінде сөйлесті. " Мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінің 69,2 % тәрбие жұмыстары қазақ тілінде ғана берілсе, 30,5% орыс тілінде және 40,6% түрлі тілдерде жүргізілді", деп хабарлайды ведомстводағылар.

Статистикалық агенттігінің деректері бойынша, "есеп беру кезеңі ішінде 386,6 мың ауруға шалдығу оқиғасы тіркеліп бір мың балаға шаққандағы ауру көрсеткіші 1788,4 дерегіне жетті. Ауруларға шалдығудың 59% оқиғасында балаларлар көбінесе грипп және демалу тыныс жолдарының инфекциясына шалдықты. Орта есеппен алғанда бір бала науқастанып қалғанына орай ол жылына 15 күн бойы тәрбие беру мекемесіне бармаған.

Мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарындағы қызметкерлер саны өткен жылы 52,9 мың адамды құрады. Оның 90,5 пайызы әйелдер болған. Жалпы қызметкерлердің 24,1 мыңы немесе 45,5 % мұғалімдер құрайды. Педагогикалық және медициналық жоғары білімі бар қызметкерлер саны 50 пайызға жеткен.

Мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдары ғимараттарының жалпы көлемі 2257,8 мың шаршы метрді құраған, оның 1266,1 мың шаршы метрі топтарға арналған. Қазақстан бойынша орташа есеппен санағанда бір балаға 5,4 шаршы метрден келген.

Статистика қызметкерлері атап өткеніндей, "Ирбір екінші мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдары заман талаптарына сай келмеген. Олардың 24,4 пайызында пештер қолданылса, 37,6 пайызында дәретханалар далада орналасқан болатын".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны