11.09.2006, 13:14 2900

Қазақстан Республикасындағы бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағының І кезеңі аяқталды

АЛМАТЫ. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today. 2006 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасындағы бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағының І кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР статистика жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттік ақпаратына сәйкес, бір айдан аз уақыт ішінде, 10 тамыздан бастап 4 қыркүйек аралығында, сұхбат жүргізушілер жалпы ауданы 81,9 млн. гектар болатын 9 мыңнан астам заңды тұлғаларды, 193 мыңға жуық шаруа (фермер) қожалықтарын, 2 млн. астам үй шаруашылықтарын, 535 мыңнан астам саяжай учаскелерін жазып шықты. Субъектілердің нақты саны алдын ала жасалған тізімнен шаруа (фермер) қожалықтары бойынша 3%-ға, үй шаруашылықтары бойынша 6%-ға, саяжай учаскелері бойынша 3%-ға асып түсті.

Сонымен бірге, санақ барысында сұхбат жүргізушілер участке бойынша тізімде көрсетілмеген үйлердің пайда болуы (бұрын адамдар тұратын үйлер ретінде есепте болған) фактілеріне де кездесті, ал участке қараусыз қалған. Осындай жағдайлар саяжай учаскелері бойынша да кездесті. Нәтижесінде санаққа алуға жататын саяжай учаскелерінің төрттен біріндейі және 0,6% үйлер қараусыз қалған.

Сонымен қатар қараусыз бос қалған учаскенің иесін іздеуге байланысты проблемалар туындап отырды, әсіресе ауылдық жерлерде.

Бірқатар облыстарда азаматтарға "жалған сұхбат жүргізушілердің" келуі оқиғалары, сұхбат жүргізушілердің иттен кіре алмауы, жол-көлік оқиғалары тіркелді. Небәрі осындай, айтарлықтай қауіпті жағдайға ұшыратпаған, 15 оқиға тіркелді.

Енді мемлекеттік статистика органдары толтырылған санақ бланкілерін енгізу және өңдеумен шұғылданады. Бұл жауапты сәтке статистика органдары 2006 жылдың 15 қыркүйегінде кіріседі, ал жұмысты екі айдың ішінде аяқтау керек.

Ауыл шаруашылығы санағының қысқаша алдын ала қорытындыларын Қазақстан Республикасы статистика агенттігі 2007 жылдың І тоқсанында жриялайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны