02.05.2007, 14:18 2551

Қазақстан Республикасындағы инфляция 2007 жылдың сәуірінде 0,5 пайызды, жыл басынан бері 3,1 пайызды құрады

АЛМАТЫ. 2-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасындағы инфляция 2007 жылдың сәуірінде 0,5 пайызды, жыл басынан бері 3,1 пайызды құрады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің ақпараттарына сүйенсек, есеп беру кезеңінде азық-түлік тауарлары нарығында өткен айда ет және ет өнімдері бағасының өсімі 1,4 пайызға, жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасы - 1,8 пайызға, балық және теңіз өнімдерінің бағасы 1,4 пайызға өсті. Нан мен жарма өнімдерінің бағасы - 0,7 пайызға, сүт өнімдері мен жұмыртқа бағасы 0,1 пайызға өсті. Қант бағасының деңгейі 4,4 пайызға төмендеді.

Азық-түлік емес тауарлар тобында киім және аяқ киімнің бағасы 0,8 пайызға, құрылыс материалдары мен жеке гигиена тауарларынің бағасы 0,6 пайызға өсті. Баспа өнімдерінің бағасы мен үй тұрмысында пайдаланылатын заттар бағасының өсімі - 0,5 пайызды, дыбыс-бейне құралдары - 3 пайызды, дәрі-дәрмек - 0,2 пайызды құрады. Дизель отыны 1,8 пайызға және тас көмір бағасының деңгейі 0,6 пайызға төмендесе, тас көмір мен бензин бағасының деңгейі 0,1 пайызға көтерілді.

Сәуірде денсаулық сақтау мекемелерінің қызметтері - 1,5 пайызға, білім беру - 0,2 пайызға, мәдениет қызметтері 0,6 пайызға қымбаттады. Жолаушылар көлігіндегіол жүру ақысы 0,4 пайызға қымбаттаған. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері бағасының көрсеткіштері 100 пайызды құраған. Қоқыс жинау 1,7 пайыза, газ жабдықтау - 0,6 пайыз қымбаттаса, электр энергиясының бағасы 1,6 пайызға арзандаған. Орталықтан жылыту, сумен жабдықтау және канализациялар бағасы өзгерген жоқ.

Ұлттық банктің мәліметтерінне сүйенсек, үстіміздегі жылдың сәуіріндегі тұтынушы бағасының көрсеткіші 2006 жылдың сәйкес айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 7,7 пайызды құраған. Мемлекеттік статистикалық агенттіктің хабарлауынша, 2007 жылдың қаңтар - сәуір айларындағы инфляция өткен жылмен салыстырғанда 8 пайызды құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны