10.02.2016, 09:32 4004

Қазақстан Республикасыныӊ 2015 жылғы төлем балансын алдын ала бағалау және теӊгеніӊ нақты айырбастау бағамы туралы

Ағымдағы операциялар шотыныӊ тапшылығы алдын ала бағалау бойынша 2014 жылғы 6,0 млрд. АҚШ доллары болған профицитпен салыстырғанда 2015 жылы 5,3 млрд. АҚШ долларын құрады және тауарлардыӊ таза экспорты көрсеткішініӊ күрт қысқаруымен байланысты болды

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Ағымдағы операциялар шотыныӊ тапшылығы алдын ала бағалау бойынша 2014 жылғы 6,0 млрд. АҚШ доллары болған профицитпен салыстырғанда 2015 жылы 5,3 млрд. АҚШ долларын құрады және тауарлардыӊ таза экспорты көрсеткішініӊ күрт қысқаруымен байланысты болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сауда балансыныӊ оӊ сальдосы Ұлттық Банктіӊ бағалауынша 2014 жылғы көрсеткішпен (2014 жылы 36,7 млрд. АҚШ долл.) салыстырғанда 65,6%-ға төмендеп, 12,6 млрд. АҚШ долларын құрады.

Төлем балансыныӊ жіктеуіші бойынша тауарлар экспорты 2015 жылы 2014 жылмен (2014 жылы 80,3 млрд. АҚШ долл.) салыстырғанда 42,4%-ға төмендей отырып, 46,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Мұнайдыӊ әлемдік бағасы экспорттыӊ қысқаруыныӊ негізгі факторы болды - орташа алғанда 2015 жылы brent сұрыпты мұнай бағасы бір баррель үшін 52,4 долл. АҚШ долларын (2014 жылы орташа алғанда бір баррель үшін 98,9 АҚШ доллары) құрады. Мұнай мен газ конденсаты экспортыныӊ құны 26,8 млрд. АҚШ долларын құрап, 2 есе қысқарды. Қалған тауарлар бойынша экспорт 27%-ға қысқарды.

Тауарлар импорты 22,9%-ға қысқара отырып, 33,6 млрд. АҚШ доллары болды (2014 жылы 43,6 млрд. АҚШ доллары). Өнімдердіӊ барлық түрлері бойынша тауарларды әкелу төмендеді.

Таза экспорт көрсеткіші төмендеген кезде ағымдағы шотқа түсетін қысым басқа құрауыштар бойынша теріс баланстардыӊ қысқаруы есебінен төмендейді. Резиденттердіӊ тауарлар экспортынан кірістерініӊ төмендеуі нәтижесінде бейрезиденттердіӊ Қазақстанға тікелей инвестициялардан таза кірістері 2014 жылғы 19,6 млрд. АҚШ долларынан 2015 жылы 8,1 млрд. АҚШ долларына дейін айтарлықтай төмендеді. Резиденттердіӊ іскерлік және инвестициялық белсенділігініӊ төмендеуі халықаралық қызметтер балансы тапшылығыныӊ 2014 жылғы 15,6%-дан 5,4 млрд. АҚШ долларына дейін қысқаруына әкеп соқты.

Алдын ала бағалау бойынша қаржылық шот бойынша капиталдыӊ таза әкелінуі (Ұлттық Банктіӊ резервтік активтерімен операцияларды қоспағанда) 2015 жылы 11,1 млрд. АҚШ долларын құрады (2014 жылы 6,8 млрд. АҚШ доллары). Бұл ағын негізінен тікелей инвестициялау операцияларымен және мемлекеттік сектордыӊ қаражат тартуымен қамтамасыз етілді.

Қазақстан резиденттерініӊ тікелей инвестициялары түріндегі сыртқы активтер 2015 жылы 1,7 млрд. АҚШ долларына, ал қазақстандық кәсіпорындардыӊ үлестес бейрезиденттер алдындағы міндеттемелері 6,0 млрд. АҚШ долларына өсті. Соныӊ нәтижесінде тікелей инвестициялардыӊ балансы бойынша капитал ағыны 4,3 млрд. АҚШ долл. (2014 жылы 4,7 млрд. АҚШ долл.) құрады.

Портфельдік инвестициялар балансы бойынша 5,9 млрд. АҚШ доллары болатын капиталдыӊ таза әкелінуі (таза әкету 2014 жылы 1,0 млрд. АҚШ долларынан аса) Ұлттық қордыӊ шетелдік активтерініӊ қысқаруы және ҚР Қаржы министрлігініӊ еурооблигацияларын шығару есебінен қалыптасты.

Ағымдағы операциялар шотыныӊ қалыптасқан тапшылығы төлем балансы қаржылық шотыныӊ операциялары, сондай-ақ 2015 жылғы екінші және үшінші тоқсандарда Ұлттық Банктіӊ резервтік активтерін пайдалану есебінен қаржыландырылған болатын. Тұтастай алғанда Ұлттық Банк резервтік активтерініӊ төлем балансы операцияларыныӊ есебінен бір жылдағы қысқаруы шамамен 0,8 млрд. АҚШ долларын құрады.

НАҚТЫ АЙЫРБАСТАУ БАҒАМЫ БОЙЫНША

2015 жылы теӊге нақты көрсеткіш бойынша 29,9%-ға әлсіреді (34 елдіӊ валюталарына қатысты нақты тиімді айырбастау бағамы индексініӊ өзгеруі), ал 2014 жылдыӊ басынан бастап 2015 жылғы желтоқсан аралығында әлсіреу 25,6%-ды құрады.

Теӊгеніӊ Ресей рубліне қатысты әлсіреуі 2015 жылы нақты көрсеткіш бойынша (нақты айырбастау бағамы) 29,3%-ды құрады, ал 2014 жылдыӊ басынан бастап нақты көрсеткіш бойынша 1,9%-ға әлсіреді.

Негізгі сауда әріптестердіӊ валюталарына қатысты нақты айырбастау бағамдарыныӊ деректері кестеде келтірілген.

Теӊгеніӊ нақты айырбастау бағамы индексініӊ өзгеруі

2015 жылғы қаӊтар - желтоқсан 2014 жылғы қаӊтар - 2015 жылғы желтоқсан

Ресей рубліне қатысты 29,3%-ға әлсіреді 1,9%-ға әлсіреді

АҚШ долларына қатысты 36,5%-ға әлсіреді 42,6%-ға әлсіреді

Еуроға қатысты 27,7%-ға әлсіреді 26,7%-ға әлсіреді

Қытай юаніне қатысты 34,4%-ға әлсіреді 40,0%-ға әлсіреді

Белорусь рубліне қатысты 4,7%-ға әлсіреді 13,3%-ға әлсіреді

Қырғыз сомына қатысты 24,6%-ға әлсіреді 26,6%-ға әлсіреді

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны