21.11.2018, 13:02 8589

Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен ЭЫДҰ арасында STRI индексін есептеу туралы келісімге қол қойылды

Көрсетілетін қызметтер саудасын шектеу индексін есептеуді жүргізу Қазақстан үшін ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықтағы маӊызды қадам болмақ.

Астана. 21 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы "Қазақстан Республикасы үшін көрсетілетін қызметтер саудасын шектеу индексін есептеу" жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды.

2018 жылғы 19 қарашада Париж қаласындағы ЭЫДҰ Еуразиялық апталығы аясында Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Көрсетілетін қызметтер саудасын шектеу индексін есептеуді" жүргізу (STRI) жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі атынан осы құжатқа Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы атынан ЭЫДҰ сауда және ауыл шаруашылығы жөніндегі директоры қол қойды..

Көрсетілетін қызметтер саудасын шектеу индексін есептеуді жүргізу Қазақстан үшін ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықтағы маӊызды қадам болмақ.

Келісім ЭЫДҰ сарапшыларына біздіӊ қызмет көрсету және лицензиялау салаларындағы заӊнамамызды зерделеуге, қолданыстағы кедергілерді айқындауға және Қазақстандағы нарықтыӊ ашықтығына/жабықтығына объективті баға беретін индексті беруге мүмкіндік береді.

Бұл индекс, өз кезегінде, көрсетілетін қызметтер саласындағы халықаралық келіссөздерде көптеген елдер сенім артатын инвестициялық тартымдылық деӊгейініӊ маӊызды көрсеткіші болып табылады.

Көрсетілетін қызметтер саудасын шектеу индексін есептеу Қазақстанныӊ ЕЫДҰ-дыӊ басты комитеттерініӊ бірі - Сауда комитетіне кіру шарттарыныӊ бірі болып табылады

Анықтама: STRI дәлелдемеге негізделген бірегей диагностикалық құрал. Ол қызмет саудасындағы кедергілерді зерттеуге мүмкіндік береді. Бүгінде, бұл индекс қызметтердіӊ әлемдік саудасыныӊ 80% астамын құрайтын 44 елде есептеледі. Сонымен қатар, STRI Ресей Федерациясы, ҚХР, Бразилия, Үндістан, Оӊтүстік Африка сияқты ЭЫДҰ-ға мүше емес елдер үшін де есептеледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны