26.01.2007, 11:39 3157

Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ұлттық банкінің 2007 жылғы экономикалық және әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары мен экономикалық көрсеткіштерінің болжамы туралы бірлескен мәлімдемелері қабылданды

АСТАНА. 26-қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Ұлттық банкінің 2007 жылғы экономикалық және әлеуметтік саясатының негізгі бағыттары мен экономикалық көрсеткіштерінің болжамы туралы бірлескен мәлімдемелері қабылданды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне премьер-министрдің баспасөз қызметінен хабарлады. 
 
Құжатта, үстіміздегі жылы республикамыздың үкіметі мен Ұлттық банкі Қазақстанның халықаралық бәсекелестікке қабілеттілігі мен еліміздің халқының өмір сүру сапасын көтеру үшін, сонымен қатар, экономиканың жоғарғы өсу екпіні мен бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жайлы институциялық және экономикалық жағдайлар жасауға бағытталған келісілген саясат жүргізеді, деп хабарланған. 
 
Мәлімдемеде көрсетілгендей, қойылған мақсаттарға сай еліміздің үкіметі мен орталық банкінің күші макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, республика халқының жағдайын жақсартуға, одан әрі экономиканы модернизациялау мен диверсификациялауға, мемлекеттік-жеке серіктестіктер мен әлемдік экономиканың тиімді бірігуін дамытуға бағытталады. 
 
Сондай-ақ, 2007 жылы үкімет пен Ұлттық баніктің күші Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерізімді жоспарында жоспарланған дәліздерінде инфляцияны ұстауға бағытталады. 
 
Сонымен қатар, ауылшаруашылық өнімдерінің көтерме нарығын одан әрі дамытуға, бақталастықты, бағалық бәтуаласуды анықтау мен алдын алуға, өнім өндіруші мен тұтынушылар арасындағы делдалдардың санын азайтуға қатысты жұмыстарды жалғастыру жоспарлануда. 
 
Ұлттық банкі инфляциялық процесстерге ақша-несие саясатының әсер етуін күшейту үшін ақша-несие саясатының операциялық негіздерін одан әрі жетілдіруге қатысты жұмыстар жүргізбек. Салық саясаты экономиканың жекелеген секторларының басымдылықтарын жүзеге асыруға және де жеке кәсіпкерліктің еркін дамуына кедергі келтіретін әкімшілік процедураларды қысқартуға бағытталады. 
 
Сондай-ақ, осы жылы экономикалық саясат саласында өнеркәсіпті модернизациялауға және де жеке секторларға жетімді құрылымдарды диверсификациялауға бағытталған маркетингтік-технологиялық зерттеулердің жаңартылған мәліметтер базасы құрылады. 
     
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны