01.02.2016, 18:15 3934

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені белгіледі және тұрақты қолжеткізу операцияларын қайта жандандырады

Өтімділікті беру жөніндегі тұрақты қолжеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 19%-ды және өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 15%-ды құрайды.

Алматы. 1 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеттіӊ 2016 жылғы 30 қаӊтардағы шешімімен 2016 жылғы 2 ақпаннан бастап базалық мөлшерлемені 17% деӊгейінде белгіледі және +/- 2 пайыз болатын пайыздық мөлшерлемелердіӊ симметриялық дәлізімен тұрақты қолжеткізу операцияларын қайта жандандырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өтімділікті беру жөніндегі тұрақты қолжеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 19%-ды және өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 15%-ды құрайды.

Базалық мөлшерлемені белгілеу жөніндегі шешім макроэкономикалық көрсеткіштерді (ІЖӨ, инфляция) де, микроэкономикалық көрсеткіштерді (банктердіӊ өтімділігін болжау) де болжау жүйесін жақсарту жөніндегі алдын ала жүргізілген талдау жұмысына негізделді және оны белгілеу теӊгеніӊ еркін өзгермелі айырбастау бағамыныӊ толыққанды режімі қалыптастырылғаннан кейін мүмкін болды.

Соӊғы айларда Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі жүйелі түрде ақша нарығындағы ахуалды тұрақтандыру шараларын қабылдауда. Бұл шешім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ ақша-кредит саясатын жетілдіру жөніндегі жұмысыныӊ жалғасы болып табылады және ол бірінші кезектегі міндеттерді орындауға, атап айтқанда қаржы секторыныӊ тұрақтылығын қамтамасыз етуге, ұлттық валютаға деген сенімді қалпына келтіруге және теӊгеніӊ қисық кірістілігін қалыптастыру үшін алғышарттар жасауға бағытталған. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкініӊ іс-қимылы теӊгеге және банк секторына деген сенімді нығайтуға, сондай-ақ салымшылардыӊ теӊгемен ашылатын депозиттерді таӊдауына бағытталатын болады. Депозиттерге қатысты саясат бұрынғысынша салымшылардыӊ құқықтарын қорғау қағидаттарына негізделетін болады.

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі әлемдік бағалар мен іргелі факторлар серпіні ескеріле отырып, шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасатын теӊгеніӊ еркін өзгермелі айырбастау бағамыныӊ режімін ұстануды жалғастырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны