12.06.2009, 15:27 3379

Қазақстан "Шеврон" компаниясымен бірлесіп арматура шығаратын зауыт пен Каспийде кеме верфін салуға келісті

Қазақстан "Шеврон" компаниясымен бірлесіп арматура шығаратын зауыт пен Каспийде кеме верфін салуға келісті

Қостанай. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан "Шеврон" компаниясымен бірлесіп арматура шығаратын зауыт пен Каспийде кеме верфін салуға келісті. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

""Шеврон" компаниясы Атырауда полиэтилен құбыр өндіретін зауытқа инвестиция жұмсады. Мен жуырда компания президенті О'Райли мырзамен кездестім, біз осы зауытты екі есе ұлғайтуға, "Шеврон" компаниясымен бірлесіп арматура шығаратын зауыт пен Каспийде кеме верфін салуға келістік",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Бұл - жақсы көрсеткіш", - деді президент.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 8 маусымда "Шеврон" корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы - бас атқарушы директоры Дэвид О'Райлиді қабылдады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Дэвид О'Райли президентті кеңейту жобасын жүзеге асыру арқылы мұнай өндіруді жылына 24 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отырған "Теңізшевройл" бірлескен кәсіпорны қызметінің нәтижелері туралы хабардар етті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық үлес пен компанияны басқаруда маңызды орындардан көріну үшін ұлттық кадрларды сапалы даярлауға қатысты мәселелерге назар аударды.

Теңіз бен Қарашығанақ кеніштерінде мұнай өндіруді ұлғайтудың және Қашаған кен орнын пайдалануға қосудың жоспарлануына байланысты Каспий құбыр желісі консорциумын кеңейту мәселесі талқыланды.

Компания мәліметтеріне сәйкес, 2008 жылы ТШО-ның КТК жүйесі бойынша тасымалдаған мұнай көлемі 14,6 млн тоннаны (барлығы 32 млн тонна), 2009 жылдың бірінші тоқсанында 3,7 млн тоннаны (8,8 млн тонна) құраған.

Кездесуде сондай-ақ корпорацияның Қазақстандағы инвестициялық жоспарлары, атап айтқанда, Атырау полиэтилен құбырлары зауытын кеңейту және арматура шығаратын зауыттың құрылысы жайлы талқыланды.

"1993 жылдан бері бірлескен кәсіпорын Қазақстан экономикасына 30 млрд долларға жуық қаржы салды. Салыстыру үшін айтар болсақ, "Шеврон" осы кезең аралығында 3 миллиардқа жуық доллар табыс тапты. Бұл оның қазіргі таңда табысты жұмыс істейтін жақсы келісім-шарт екендігін білдіреді", - деді "Шеврон" корпорациясының бас атқарушы директоры Дэвид О'Райли.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны