16.01.2008, 18:39 3449

Қазақстан таяу уақыттарда әлемдік биоотын нарығында маңызды ойыншыға айналуға тиіс - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

Қазақстан таяу уақыттарда әлемдік биоотын нарығында маңызды ойыншыға айналуға тиіс - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі

Астана. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан таяу уақыттарда әлемдік биоотын нарығында маңызды ойыншыға айналуға тиіс. Бұл туралы бүгін Ауылшаруашылығы министрлігінде өткен алқа мәжілісінің барысында агроөнеркәсіптік кешен мен аграрлық ғылымды дамыту департаментінің директоры Бері Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Астығы артылып қалатын және пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы жерлері түріндегі әлеуеті бар Қазақстан үшін таяу уақыттарда әлемдік биоотын нарығында маңызды ойыншыға айналу айрықша маңызды", - деді Б. Оспанов.

Оның түсіндіруінше, "Халықаралық энергетикалық агенттіктің болжамына сәйкес, 2012 жылға дейін әлемдік биоотын өндіру деңгейі 2 есе өседі", бұл ретте "биоотын өндіру үшін басты шикізат жүгері, бидай, рапс, соя, пальма майы, қант қамысы болмақ, ал басқа шикізат түрлерін өндіру технологиялары кеңінен таралмаған".

"2007-2009 жылдарда дүниежүзіндегі биоотын ұсынысы 50%-ға өседі. Биоотын нарығы 2009 - 2010 жылдарда тұрақтанады", - деді Б. Оспанов.

Оның айтуынша, сонымен қатар, " таяу перспективада көмірсутегінің энергетикалық қоры ғаламдық түгесілетін жағдайда бүгінде әлемдік "жаңа энергетика" нарығында ықпал салаларын бөлісуге дайындық жүргізілуде.

"Мемлекеттің биоотын өндіру жөніндегі стратегиялық бастамасынан бас тарту ел экономикасындағы шикізаттық бағыттың күшейе түсуіне алып келеді, өйткені, әлемдік шикізат қоры шектеулі", - деді департамент төрағасы.

"Бүгінгі таңда Қазақстанда биоотын өнеркәсібін дамытуға балама жоқ: болашақта астық өндірісі ішкі тұтынудан біршама артық болмақ, астық бағасы қаншалықты өскенімен оны сатудан түскен пайда оны өңдеуден табылатын пайдадан кем түседі", - деді Б. Оспанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны