27.05.2008, 11:28 1490

Қазақстан таяу уақыттарда ұн экспортына тыйым салмайды

Қазақстан таяу уақыттарда ұн экспортына тыйым салмайды

Астана. 27 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан таяу уақыттарда ұн экспортына тыйым салмайды. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ішкі нарықта ұн тапшылығы қаупі байқалған жағдайда біз кез-келген сәтте тыйым сала аламыз, бірақ бүгінгі күні мұндай қажеттілік жоқ", - деді Кәрім Мәсімов.

"Біз бүгінге дейін жолға қойып алған ұн сататын нарықтарымызды жоғалтып алмауға тиіспіз", - деді өз кезегінде еліміздің ауылшаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев.

Еліміздің ауылшаруашылық министрінің хабарлауынша, қазір ішкі нарықтағы ахуалға мониторинг жүргізілуде. "Мониторинг мәліметіне сәйкес, қазір ұн экспортына тыйым салудың қажеті жоқ", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны