10.04.2008, 17:08 5231

Қазақстан Тәжікстанның Қайраққұм су қоймасының жөндеу жұмыстарына қатысады

Қазақстан Тәжікстанның Қайраққұм су қоймасының жөндеу жұмыстарына қатысады

Шымкент. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан қосымша алқаптарды суғаратын суды алу үшін Тәжікстанның Қайраққұм су қоймасының жөндеу жұмыстарына қаржы салады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев мәлім етті деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жұмада мен Ходжентте (Тәжікстан) әріптестерімен су тапшылығына қатысты қалыптасып отырған жағдайды талқылаймыз. Биылғы жылы су тапшылығынан бізбен қатар бүгінде 3 млн 500 мың гектар суармалы алқабы бар бүкіл Ферғана аңғары да зардап шегіп отыр", - деп хабарлады А. Рябцев.

Су ресурстары комитеті төрағасының айтуынша, Тәжікстандағы Қайраққұм су қоймасында су көлемі 3,4 млрд текше метрді құрап отыр, алайда оның тек 1,9 млрд текше метрін алуға болады. "Олар су тарту станцияларының жұмысын қамтамасыз ету үшін 1 млрд 500 млн текше метр суды қалдырулары керек. Бірақ біз су арнасын қазу арқылы Өзбекстан, Қазақстанның егінді алқаптарын суғаратын 500 млн текше метр суды алуымызға мүмкін бар", -деп түсіндірді А. Рябцев.

Оның сөздері бойынша Тәжікстанның Қайраққұм су қоймасында жер қазу жұмыстарын жүргізу үшін қомақты қаржы керек, сондықтан Қазақстан бұл жұмысқа кірісетін болады. "Қайраққұм су қоймасындағы жұмыс деңгейін төмендетуді жүзеге асыру үшін қаржы салатын түріміз бар", -деді А. Рябцев.

Сырдария су бассейнінің толуы жөнінде су ресурстары комитетінің деректері бойыншаа 9 сәуірде Тоқтағұл су қоймасындағы су көлемі 6 млрд 576 млн текше метр суды құрады, бұл өткен жылдағыдан 3 млрд 937 млн текше метрге кем (жобалық көлемі 19 млрд 500 млн текше метр су).

Тоқтағұл су қоймасынан секундына 269 текше метр су шығарылса, Үшқорған су бекетінен секундына 314 текше метр су тасталып отыр. Тоқтағұл су қоймасындағы су көлемі күннен күнге кеміп, орта есеппен бір тәулікте онда 4 млн текше метр су кеміп отырады.

Қайраққұм су қоймасына секундына 271 текше метр су құйылып жатса, сыртқа секундына 233 текше метр су шығарылуда. Ал оның көлемі 3 млрд 502 млн текше метрді құрайды, бұл өткен жылдағы көрсеткіштен 27 млн текше метр суға артық.

Биылғы жылдың вегетациялық кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысының көптеген өзендерінде (Арыс, Келес, Жебоғлыс, Ақсу, Сайрамсу т.б.) су өткен жылдарындағы көлемнің орташа деңгейін құрайды. Ал тау етегінен төмен жатқан өзендердің (Боролдай, Шаян және т.б.) кейбіреуінің су нормасы 30-40% кем болады.

Сондай-ақ, Сырдария өзенінің Қырғызстан Өзбекстан территориясындағы бассейніндегі жағдай қолайсыз болып отыр. Үшқорғанның қапталы ағындарының бірі болып отырған Нарын өзенінің суы 10-20 % кем көрсеткішпен Шардара су қоймасына құйылуда. Ал Қарадарья өзенінің су көлемі екі есеге азаяды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны