16.09.2008, 16:00 1620

Қазақстан үкімет басшысы кедендік процедураларды жеңілдетуді қарастыратын заң жобасын үкіметтің бекітуіне ұсынуды тапсырды

Қазақстан үкімет басшысы кедендік процедураларды жеңілдетуді қарастыратын заң жобасын үкіметтің бекітуіне ұсынуды тапсырды

Астана. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет Кәрім Мәсімов басшысы кедендік процедураларды жеңілдетуді қарастыратын заң жобасын үкіметтің бекітуіне ұсынуды тапсырды. Ол бүгін өткен үкіметтің отырысында осыны міндеттеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен үкіметтің келесі отырысына кедендік процедураларды өзгерту жөніндегі заң жобасын енгізуді тапсырамын. Ол сыртқы экономикалық алыс-берісті жүргізуді біршама жеңілдетіп, біздің Илемдік банктің Doing Business рейтингіндегі орнымызды лайықты көрсетуге көмектеседі", -деді Кәрім Мәсімов.

"Илемдік банк кезекті Doing Business есебін жария етті. Біз кейінгі бірнеше айда бірқатар маңызды және принциптік шешімдер қабылдадық, ол Қазақстанның осы есептегі рейтингін жақсартуға әсерін тигізді. Бірақ бұл жеткіліксіз, әлі де ілгерілей түсу қажет", - деді премьер.

ЮСАИД-тың бизнес-ортаны жақсарту жөніндегі директоры Сергей Пизиковтың үкімет отырысында мәлім еткеніндей, бизнес жүргізудегі жеңілдік бойынша 10 қыркүйекте жария етілген Илемдік банктің рейтингінде Қазақстан әлемнің есепте көрсетілген 180 елінің ішінде 70-ші орында, Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның 25 елінің ішінде 12-ші орында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны