23.02.2009, 15:09 1420

Қазақстан үкімет басшысы ҚТЖ ҰК-ына биылғы мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыруда АҚШ долларын пайдалануға тыйым салды

Қазақстан үкімет басшысы ҚТЖ ҰК-ына биылғы мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыруда АҚШ долларын пайдалануға тыйым салды

Астана. 23 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚТЖ ҰК-ына биылғы мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыруда АҚШ долларын пайдалануға тыйым салды. Бұл туралы ол бүгін тауар, жұмыс және қызмет өндірушілердің жалпықазақстандық форумында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Валютаға тимеңіздер, РФ Внешэкономбанкі арқылы ресей рублін пайдаланыңыздар. Бірақ ашықтық болсын", - деді Кәрім Мәсімов.

Ал ҚТЖ ҰК Асқар Маминнің хабарлауынша, биыл компанияның жалпы сатып алулары 303 млрд теңгені құрайды, оның 243 млрд теңгесі республика ішінде, 60 млрд теңгесі - импорт үлесінде, ал импорт негізінен РФ-нан келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны