07.12.2007, 17:49 3021

Қазақстан үкіметі әлімдік қаржы нарығындағы жағдайға тез жауап қатты - ЕҚҚДБ президенті

Қазақстан үкіметі әлімдік қаржы нарығындағы жағдайға тез жауап қатты - ЕҚҚДБ президенті

Астана. 7 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьердің ойынша, Қазақстан үкіметі әлемдік қаржы нарығындағы жағдайды тез ұғып, "қажетті шараларды" қолға алды. Мұндай пікірді ол, шетелдік инвесторлар Кеңесінің 18 отырысында білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

" Біз халықаралық нарықтағы кернеуді көрдік, бұл қазақстанға да әсерін тигізді, өйткені, мемлекет халықаралық нарықтармен сіңісіп кеткен. Бірақ биліктегілердің іс- әрекеттеріне де қарау керек. Қазақстан үкіметі тез жауап қатып, қажетті шараларды қолға алды. Қазір олар елдің банк секторын одан әрі күшейтіп жатыр", - деді Ж. Лемьер

"Біз бұл жұмысты үнем қолдадық және осы жолмен жүру дұрыс дегенді айтып келдік", - деді ол журналистерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ, ЕҚҚДБ басшысы, қазақстан экономикасын "өте бекем экономика", және " макроэкономикалық менеджменті дұрыс жолға қойылған, барлық резервтерді басқару жағы ойластырылған, маңызды реформалардың процесі өтіп жатыр. Сондай-ақ, елдің ЕЫҚҰ төрағалығы осы процестің бір бөлігі болып табылады", - деп атап кетті ол.

"Сондай-ақ, біз энергетикалық секторындағы операциялардың ұлғаюын көріп отырмыз. Бұл болашақта бәсекелестікке қабілетті экономиканы дамытуында үлкен маңыздылыққа ие болады.Ол үшін, қуат көздерін ақылға сиымды бағаға өндіру керек", - деді Ж. Лемьер.

"Біз сондай-ақ, инфрақұрылымдардың жақсару нышанын көріп отырмыз, оны біз Қазақстан үкіметімен алдағы жылы бірлесе отырып жасаймыз. Келесі жылы, сондай-ақ, біздер өзіміздің инвестиция көлемін екі есеге дейін ұлғайтуды көздеп отырмыз, негізінен жеке меншік секторына", - деді ол. "Егер жалпы бұған қарайтын болсақ, қазақстан экономикасы бекем және тұрақты", - деп атап өтті ЕҚҚДБ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны