18.06.2008, 13:26 1558

Қазақстан үкіметі ауылшаруашылығының тауар өндірушілері үшін біртұтас жер салығы ставкасының прогрессивті шкаласын белгілеуді ұсынады

Қазақстан үкіметі ауылшаруашылығының тауар өндірушілері үшін біртұтас жер салығы ставкасының прогрессивті шкаласын белгілеуді ұсынады

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі ауылшаруашылығының тауар өндірушілері үшін біртұтас жер салығы ставкасының прогрессивті шкаласын белгілеуді ұсынады. Бұл туралы "Салық салуды реформалаудың басты бағыттары" атты дөңгелек үстел басталар алдында журналистерге таратылған хабарламада айтылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ауылшаруашылығының тауар өндірушілері үшін біртұтас жер салығы ставкасын жер телімінің алаңына қарай прогрессивті шкаламен белгілеу ұсынылады ", - делінген құжатта.

Сондай-ақ, "ауылшаруашылығының тауар өндірушілері үшін басқа режимдерді сақтап қалу" ұсынылуда. Атап айтсақ, заңды тұлғалар үшін салықты 80%-ға, ауылшаруашылығы өнімін өңдеушілер үшін ҚҚС-ын 70%-ға азайту ұсынылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны