06.09.2007, 14:45 2801

Қазақстан үкіметі бұрынғыдай шетелдік инвесторлармен қарым-қатынасты өзара тиімділік негізінде құратын болады - Мәсімов

Қазақстан үкіметі бұрынғыдай шетелдік инвесторлармен қарым-қатынасты өзара тиімділік негізінде құратын болады, деп мәлімдеді үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 6 қыркүйек. АСТАНА. Қазақстан үкіметі бұрынғыдай шетелдік инвесторлармен қарым-қатынасты өзара тиімділік негізінде құратын болады, деп мәлімдеді үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.

"Қазақстан үкіметі әдеттегідей шетелдік инвесторлармен қарым-қатынасты бұрын негізі қаланған тиімді әрі түсінікті өзара пайдалы ынтымақтастық формуласының негізінде құрмақ ниетте", - деді К. Мәсімов "KazEnergy" ІІ Еуразиялық энергетикалық форумда сөйлеген сөзінде.

"Оның басты принципі - кеніштерді, пайдалы қазбаларды, бірінші кезекте мұнай мен газ кеніштерін игеруге пайдалы әрі шектеусіз атсалысуға мүмкіндік беру , инвестициялар, озық технологиялар, озық тәжірибе мен әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік беру болып табылады", -деді премьер.

Сонымен қоса республика үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан "энергетикалық саясаттың ашықтығына бағынуды маңызды деп санайды". "Сол себепті біз Ұлыбритания үкіметінің энергетикалық индустрияның ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі бастамаға біріктік", - деді К. Мәсімов. Осыған байланысты ол Қазақстанның барлық мұнайгаз компанияларын осы бастаманы қолдауға шақырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны