13.07.2010, 10:50 3661

Қазақстан үкіметі халық санағының қорытындысын шығаруға қосымша 59 млн теңге бөлмек

"Мәселе халық санағының мәліметтерін саралауға, тиімді кестелерді қалыптастыруға және осы нәтижелерді жариялауға қажетті қосымша шығындар туралы болып отыр. Сәйкес қаулы жобасы Қаржы және Иділет министрліктерімен келісіліп, қазіргі таңда үкіметке енгізілген. Жақын арада бұл қаулы шығып қалады деген ойдамыз", - деп хабарлады И. Смаилов.

Астана. 13-шілде. Kazakhstan Today Қазақстан үкіметі 2009 жылы өткізілген халық санағының қорытындысын шығаруға қосымша 59 млн теңге бөледі. Тиісті қаулы жобасы жасалып, үкіметке жолданды. Бұл туралы дүйсенбі күні ҚР Статистика агенттігінде өткен брифингте ведомство басшысы Илихан Смаилов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Мәселе халық санағының мәліметтерін саралауға, тиімді кестелерді қалыптастыруға және осы нәтижелерді жариялауға қажетті қосымша шығындар туралы болып отыр. Сәйкес қаулы жобасы Қаржы және Иділет министрліктерімен келісіліп, қазіргі таңда үкіметке енгізілген. Жақын арада бұл қаулы шығып қалады деген ойдамыз", - деп хабарлады И. Смаилов.

"Тиісті қаражат 59 млн теңге бөлінеді. Ол жыл басында болуы керек болған. Алайда, бұрнағы менеджментпен байланысты субъективті себептерге байланысты бұл қаржыландыру биылғы жылдың бюджетіне кірмеді", - деп түсіндірді ол.

Естеріңізге сала кетсек, ҚР Статистика агенттігінің экс-төрайымы Анар Мешимбаеваға Интерполмен іздеу жарияланған. Оны қазіргі уақытқа дейін Қазақстанның құқық қорғау органдары іздестіру үстінде. Тергеу 2009 жылы Ұлттық халық санағын жүргізу барысында бюджет қаражатын жымқыруға оның қатысы бар екенін анықтаған.

Бір апта бұрын Астана қаласы Есіл аудандық сотында судья Ерлан Тасыров ҚР Статистика агенттігі төрайымының бұрынғы орынбасарлары Нұрман Баянов пен Бірлік Меңдібаевқа, сондай-ақ, "Фирма КИІК" ЖШС құрылтайшысы Серік Тұржановқа қатысты үкім шығарылған.

Сот үкіміне сәйкес, С. Тұржановтың мүлкі тәркіленіп, тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды, Н. Баянов пен Б. Меңдібаевтың да мүліктері тәркіленіп, алты және бес жылға бас бостандықтарынан айырылды.

Естеріңізге сала кетсек, "ҚР Статистика агенттігі төрайымының бұрынғы орынбасарлары Нұрман Баянов пен Бірлік Меңдібаев, сондай-ақ, "Фирма КИІК" ЖШС құрылтайшысы Серік Тұржанов 2009 жылы ұлттық халық санағы кезінде бюджеттік қаржыны жымқырды деп айыпталған болатын.

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім еткендей, Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын өткізуге мемлекет 1 млрд 144 млн теңге бөлген. "Қаржы полициясының мәліметінше, Ұлттық халық санағы шын мәнінде 379 млн теңгеге өткізілгені, ал қаражаттың 764 млн 800 мың теңге мөлшеріндегі бөлігі лауазымды тұлғалар мен жеке кәсіпорындардың басшыларымен ысырап етілгені тергеумен анықталып отыр", - деп атап өткен М. Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны