04.05.2009, 19:03 2870

Қазақстан үкіметі коммерциялық сектор жүзеге асыратын ел экономикасын қайта құрылымдау және әртараптандыру жобаларына жан-жақты қолдау көрсетеді - Кәрім Мәсімов

Қазақстан үкіметі коммерциялық сектор жүзеге асыратын ел экономикасын қайта құрылымдау және әртараптандыру жобаларына жан-жақты қолдау көрсетеді - Кәрім Мәсімов

Астана. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі коммерциялық сектор жүзеге асыратын ел экономикасын қайта құрылымдау және әртараптандыру бағытындағы жобаларға жан-жақты қолдау көрсетеді. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін индустриялық жобаларды қаржыландыру мәселелеріне арналған жұмыс бабындағы кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "премьер-министр Қазақстан экономикасын құрылымдық жағынан қайта құру мен әртараптандыруға бағытталған және нақты өндіріс орындары мен инфрақұрылымды құруға мүмкіндік беретін жобаларды коммерциялық сектордың іске асыруына мемлекет мүдделі екеніне айрықша тоқталды. Бұл орайда, К.Мәсімов мұндай жобаларға үкімет жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті".

Сонымен бірге, баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министр екінші деңгейлі банк басшыларының экономиканың түрлі салаларында іске асырылып жатқан жобаларды қаржыландыруға қатысулары туралы хабарламаларын тыңдады.

Кеңесте электр энергетикалық, мұнай-газ, металлургия салалары мен химия өнеркәсібінде, машина жасау және ауыл шаруашылығында банктер тарапынан жаңа индустриялық жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны