30.07.2008, 15:01 2596

Қазақстан үкіметі корпоративтік кіріс салығын 15 - 20% дейін азайтуды ұсынады - Кәрім Мәсімов (толық нұсқасы)

Қазақстан үкіметі корпоративтік кіріс салығын 15 - 20% дейін азайтуды ұсынады - Кәрім Мәсімов (толық нұсқасы)

Астана. 30 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі корпоративтік кіріс салығын 15 - 20% дейін азайтуды ұсынады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР Қаржы министрлігінде өткен кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз корпоративтік кіріс салығын 15 - 20% дейін азайтуды ұсынып отырмыз, бұл азайтуды жылдарда тарата белгілерміз", - деді Кәрім Мәсімов.

"Сондай-ақ, біз Салық кодексінің жаңа жобасының бірінші тұсаукесерінде айтқанымыздай, әлеуметтік салықтың жатық ставкасына көшпекшіміз", - деді ол.

"Біз оны 11% мөлшерінде ұсынып отырмыз", - деді премьер.

"Мен Салық кодексінің жобасын жасаушы басты мекеме - Экономика министрлігіне бүгінгі үкіметтің отырысынан кейін өз web-сайтына жаңа Салық кодексінің жобасын шығаруды тапсырамын. Осы заң бойынша баршасы өз пікір-ұсыныстарын білдіре алуы үшін қажет. Өйткені, осы заңға баршамыз бағынатын боламыз және салық комитеті оны орындауға тиіс. Сондай-ақ, 7 тамызда Астанада жаңа салық кодексінің жобасын талқылау үшін дөңгелек үстел өткізуге шешім қабылдаймын. Біз оны талқылауға жеткілікті уақыт береміз, сосын оны үкіметтің отырысында тағы бір мәрте талқылап, парламентке ұсынамыз", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны