30.09.2015, 16:36 8972

Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ДЭФ есебінде 42-ші орынға ие болды

Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ДЭФ рейтингінде 4,5 ұпай жинап, 42-орынды алды

Астана. 30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ДЭФ рейтингінде 4,5 ұпай жинап, 42-орынды алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылғы 30 қыркүйекте Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) 2015-2016 жылдарға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы жыл сайынғы есепті жариялады, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Осы есеп қорытындылары бойынша, Қазақстан өткен жылғы рейтинг қорытындыларымен салыстырғанда, 8 орынға көтеріліп, 140 елдіӊ арасында рейтингте 42-орынды алды. Бұл бәсекеге қабілеттілік индексініӊ рейтингісіне қатысудыӊ бүкіл тарихындағы Қазақстанныӊ еӊ үздік нәтижесі.

Қазақстанныӊ жалпы орта ұпайы 4,49 (2014 жылы 4,42) құрайды, бұл елге Польша (4,49) мен Италия (4,46) арасында рейтингте орынды қамтамасыз етті.

Жеті жыл қатарынан рейтинг бойынша бірінші орынды Швейцария ұстап отыр. Илемдегі бәсекеге барынша қабілетті үш ел: Швейцария (1), Сингапур (2) және АҚШ (3).

Илемніӊ үздік бәсекеге қабілетті 30 елдіӊ қатарына ЭЫДҰ мүшелері болып табылатын дамыған мемлекеттер кірген. Өӊірлік мәнде осы тізімде Батыс Европа елдері басым болады.

Cонымен қатар үздік отызға Азиядан 6 ел енген - Гонконг (7), Катар (14), Тайвань (15), БАИ (17), Малайзия (18), Сауд Аравиясы (25), Оӊтүстік Корея (26), Қытай (28).

БРҮҚ елдері арасында Қытай бұрынғыдай еӊ жоғары позицияны иеленді (28; 0). Қытайдан кейін Ресей (45; +8), Үндістан (55; +16) және Бразилия (75; -18) орналасқан.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны