12.10.2012, 13:28 3355

Қазақстан және Дүниежүзілік банкі "Шығыс-Батыс" автомобиль жолдарын дамыту жобасы" заемы туралы келісімге қол қойды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "бүгін қол қойылған "Шығыс-Батыс" автомобиль жолдарын дамыту жобасы "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жол дәлізін жаңғыртуды аяқтайды.

Астана. 12-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Қаржы министрлігінде Қазақстан мен Халықаралық даму және қайта құру банкі арасында "Шығыс-Батыс" (Алматы-Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізі (ЦАРЭС 1b) автомобиль жолдарын дамыту жобасы" заемы туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "бүгін қол қойылған "Шығыс-Батыс" автомобиль жолдарын дамыту жобасы "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" жол дәлізін жаңғыртуды аяқтайды. Орталық Азияның басты экономикалық орталығыны бірі Алматыдан Қазақстан мен Қытай арасындағы шекараны қиып өтетін негізгі жол пункті Қорғасқа дейін көлік байланысының тиімділігін арттыруға бағытталған жоба нарықтарға деген жолды жақсартуға, бизнес үшін мүмкіндіктерді көбейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасайды", - деді ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев.

"Үкімет басқарудың сапасын жақсарту және автожол саласындағы ішкі бақылау мен аудитті, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті дамытуға мүмкіндік береді. "Нәтижесінде, "Оңтүстік-Батыс" автомобиль жолдарын дамыту жобасын іске асыру барысында сатып алу үдерісінде үнемделген 360,2 млн АҚШ доллары Жамбыл облысы шекарасына дейінгі қаржыландырылатын учаскесіне қосымша ретінде Шымкенттен бастап шығысқа қарай қосымша дәліз учаскесінің 80 шақырымы құрылысына бағытталатын болады ", - делінген ақпаратта.

Қазақстан аумағындағы БЕ-БҚ көлік дәлізінің жартысынан көбін жаңғыртуға бағытталған жоба аймақтың жағдайын жақсартуда. Қызылорда мен Ақтөбе облысы шекарасының арасындағы 500 шақырымнан астам жер жол төсемінің жаңа түрін қолданумен жаңартылады, Қызылорда мен Жамбыл облысы шекарасы арасындағы 500 шақырым жер 2015 жылға қарай төрт жолақты тас жолға өзгертіледі. Жолдың жартысына жуығы 2012 жылдың соңына дейін қозғалыс үшін ашық болады.

"Шығыс-Батыс" автомобиль жолдарын дамыту Жобасы бойынша шығынның жалпы сомасы 1 256,5 млн АҚШ долларын құрайды, олардың қатарында Дүниежүзілік банк заемы 1 068,0 млн АҚШ доллары, республикалық бюджеттен бөлінген заемды қосымша қаржыландыру - 188,5 млн АҚШ долларын құрайды. Жобаны 2015 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Кредитное соглашение для осуществления проекта строительства дороги Восток - Запад (на участке Алматы - Хоргос в рамках Международного транзитного коридора Западная Европа - Западный Китай) было подписано 10 октября между правительством Республики Казахстан и Всемирным банком, сообщает пресс-служба Всемирного банка.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны