08.09.2016, 12:37 3493

Қазақстан жыл соӊына дейін Қытайға 30 мыӊ тонна соя бұршағын экспорттауды жоспарлауда

Мемлекет басшысыныӊ Ханчжоудағы G20 саммитіне қатысуы аясында соя бұршақтары бойынша фитосанитария талаптары бойынша келісіміне қол қойылды. Жыл соӊына дейін Қазақстан Қытайға 30 мыӊ тонна соя бұршағын экспорттауды жоспарлауда

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Жыл соӊына дейін Қазақстан Қытайға 30 мыӊ тонна соя бұршағын экспорттауды жоспарлауда, деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.

"Мемлекет басшысыныӊ Ханчжоудағы G20 саммитіне қатысуы аясында соя бұршақтары бойынша фитосанитария талаптары бойынша келісіміне қол қойылды. Жыл соӊына дейін Қазақстан Қытайға 30 мыӊ тонна соя бұршағын экспорттауды жоспарлауда. Жылқыларды экспорттау жылына 300 мыӊ басты құрап отыр", - деді Г.Исаева.

Ведомствоныӊ мәліметінше, қытайлық тарапқа қазақстандық жүйрік жылқылар мен есектерді ҚХР-ға экспорттау туралы қосымша келісім бағытталды.

- Қазіргі таӊда 500 мыӊ тонна өндірістік астықты экспорттау бойынша ҚХР реформалар мен даму жөніндегі Ұлттық комиссиямен келіссөздер жүргізіліп жатыр, деді ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева Елбасы Н.Назарбаевтыӊ Қытайға жасаған сапарыныӊ қорытындысы бойынша Қытайға астық жеткізуді қамтамасыз ету бойынша шараларға арналған брифингте.

"Қазіргі таӊда астық (бидай мен ұн), өсімдік майы экспортталып жатыр. Соӊғы жылдары астық экспортыныӊ көлемі 4 есеге көбейді, 2014-2015 жылдары 110 мыӊ тонна, 2015-2016 жылдары 414 мыӊ тонна экспортталды. Бұл 2016 жылы қол қойылған келісімге байланысты қаппен тасымалдау д жүзеге асырылды", - деді Г.Исаева.

Қазіргі таӊда ҚХР реформалар мен даму жөніндегі Ұлттық комиссиясымен 500 мыӊ тонна өндірістік астықты экспорттау бойынша келіссөздер жүргізіліп отыр.

Сондай-ақ, вице-министрдіӊ айтуынша, қытай тарапы ҚР-дан ҚХР-ға шығатын астықты фитосанитариялық қамтылуы бойынша келісімге өзгертулер енгізуді ұсынды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны