28.05.2010, 14:08 3707

Қазақстан жылына 35 тоннаға дейін алтын өндірмек ниетте (толықтырылған)

Қазақстан жылына 35 тоннаға дейін алтын өндірмек ниетте (толықтырылған)

Көкшетау. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан жылына 35 тоннаға дейін алтын өндірмек ниетте. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Васильков кен-байыту комбинаты" АҚ-ның алтын өндіру фабрикасының жұмысшыларымен кездесу барысында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Сіздердің зауыттарыңыз толық жобалық қуатында 15 тоннаға дейін алтын өндіре алады. Қазақстан бүгінгі күні 20 тоннадан астам алтын өндіреді, яғни, жылына 35 тонна мөлшеріне қол жеткізу арқылы біз әлемдегі ең ірі алтын өндіруші 15 мемлекеттің санатына кіретін боламыз", - деді Н. Назарбаев.

Алтын өндіруші "Васильков кен-байыту комбинаты" фабрикасының бірінші вице-президенті Асғат Жабағиннің журналистерге берген түсініктемесіне сәйкес, фабриканың жобалық қуаты - 8 мың тонна кен мен 13 - 15 тонна алтынға тең. "Біз жобалық қуатқа осы жылдың екінші жартысында шығамыз деп ойлаймын", - деді ол.

Оның хабарлауынша, компания үшін "1 млн троя унциясы - стратегиялық мақсат". "Меніңше, алдағы 3-4 жылда біз кәсіпорында мұндай көлемге қол жеткізе қоймасыз, бірақ бұл - біздің компанияның мақсаты", - деді ол.

Құрамында алтыны бар кендерді өндірумен және өңдеумен шұғылданатын Васильков кен-байыту комбинаты Ақмола облысының орталығы - Көкшетаудан солтүстікке қарай 17 шақырым жерде орналасқан. Васильков кен-байыту комбинатының шикізат көзі - жиынтық қоры 360 тоннаға жететін Васильков алтын кеніші, ол әлемдегі ең ірі кеніштердің біріне жатады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны