24.10.2012, 15:39 3373

Қазақстан-Чехия бизнес-форумы барысында жалпы құны 250 млн доллардан асып жығылатын келісім шарттарға қол қойылды

"Осы сапар барысында бекітілген келісімдер екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға серпін береді деп үміттенемін. Қазақстан-Чехия бизнес-форумында жалпы құны 250 млн доллардан келісімдерге қол қойылды. Мен мұны осы жолғы сапардың басты жетістігі деп білемін", - деді Н.Назарбаев бизнес-форумда.

Астана. 24-қазан. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Чехияға ресми сапары барысында жалпы құны 250 млн доллардан асатын келісімдерге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Осы сапар барысында бекітілген келісімдер екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамытуға серпін береді деп үміттенемін. Қазақстан-Чехия бизнес-форумында жалпы құны 250 млн доллардан келісімдерге қол қойылды. Мен мұны осы жолғы сапардың басты жетістігі деп білемін", - деді Н.Назарбаев бизнес-форумда.

Президент сондай-ақ, Қазақстанның "технологиялық және өнеркәсіп парктерін құруда чех тәжірибесін пайдалануға, өзара тиімді инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі" екендігін атап өтті.

Н.Назарбаев чех іскерлерін мемлекеттік индустриаландыру бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысуға және 2013 жылы мамырда өтетін алтыншы Астана экономикалық форумына қатысуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны