03.11.2011, 12:45 5562

Қазақстанда 100 тепловоз құрастырып шығарды

"Бүгінде еліміздің темір жол саласында осы локомотивті барлығы күтіп жүр. Осы ауқымды жұмысты жалғастыра отырып бұндай локомотивпен толықтай қамтамасыз етеміз деген сенімдеміз. Бұл зауытты іске қосқаннан бергі уақытта осында жас мамандар жасақталды. Олардың біліктілігі алдыңғы қатарлы бұл зауыттың деңгейіне сай",-деді ҚТЖ вице-президенті Ермек Қизатов.

Астана. 3-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда 100 тепловоз құрастырып шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, елорда маңындағы "Локомотив құрастыру зауыты" 100-ші тепловозды құрастырып шығарған.

"Бүгінде еліміздің темір жол саласында осы локомотивті барлығы күтіп жүр. Осы ауқымды жұмысты жалғастыра отырып бұндай локомотивпен толықтай қамтамасыз етеміз деген сенімдеміз. Бұл зауытты іске қосқаннан бергі уақытта осында жас мамандар жасақталды. Олардың біліктілігі алдыңғы қатарлы бұл зауыттың деңгейіне сай",-деді ҚТЖ вице-президенті Ермек Қизатов.

Айта кетейік, "Қазақстан темір жолы" компаниясының еншілес кәсіпорны "Локомотив құрастыру зауыты" елімізде аталған локомотивті шығаратын ірі зауыт. Нөмірі 100-ші тепловоз қазіргі кезде 18 түрлі сынақтан толықтай өткен көрінеді. Енді бұл локомотив Аягөз стансасы депосының паркі құрамына тіркеліп, Ақтоғай-Семей бағдарындағы жүк пойыздарын тасымалдайды.

Естеріңізге салсақ, "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ 2009 жылдың жазында іске қосылған болатын. Бүгінде кәсіпорын айына ТЭ33А үлгісіндегі 6-8 жүк локомотивтерін шығарады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны