21.09.2012, 14:11 3047

Қазақстанда 12,5 млн тоннаға жуық астық жиналды

21 қыркүйектегі мәлімет бойынша қазақстандық аграршылар 12,5 млн тонна астық бастырды. Бұл жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында хабарланған.

Астана. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда 12,5 млн тоннаға жуық астық жиналды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

21 қыркүйектегі мәлімет бойынша қазақстандық аграршылар 12,5 млн тонна астық бастырды. Бұл жөнінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында хабарланған.

"Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының 2012 жылдың 21 қыркүйегіндегі мәліметіне сәйкес, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер 14136,8 мың га аумақтан астық жинаған, бұл барлық алқаптың 91,6%-ын құрайды. 12452,4 мың тонна астық бастырылды, егіннің орташа түсімі 8,8 ц/га құрады", - деп айтылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны