09.10.2012, 18:17 3770

Қазақстанда 1 млн. гектардан астам алқап жарамсыз деп табылды

Бұл туралы бүгін құрғақшылық зардаптарына қарсы тұру бойынша селекторлық отырыста ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты.

Астана. 9-қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда 1 млн. гектардан астам алқап жарамсыз деп табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін құрғақшылық зардаптарына қарсы тұру бойынша селекторлық отырыста ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтты.

Оның айтуынша, зардап шеккен алқаптардың 90 пайызы Қостанай, Ақмола, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына тиесілі.

Жиналыста айтылғандай, негізінен егін ору науқаны аяқталып қалды. Облыстардың мәліметтері бойынша 15,2 млн. гектар алқаптан, яғни жалпы егіс алқабының 99 пайызынан дәнді дақылдар жиналды. Жиналған астықтың алғашқы салмағы 14,3 млн. тонна болды. Бұл орташа шығымдылық центнеріне 9,4 гектарды құрады деген сөз.

Жиналыста облыс әкімдері мен мүдделі органдарға келесі жылдың астығын егуге дайындалу, тұқым себу, жанармаймен қамтамасыз ету және техника әзірлігі мәселелерін қарастыру бойынша ұсыныстар берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны