31.01.2008, 18:32 6683

Қазақстанда 2008 жылы экономиканың өсу қарқынының жоғарылығы сақталады деп күтілуде - Халықаралық валюта қоры

Қазақстанда 2008 жылы экономиканың өсу қарқынының жоғарылығы сақталады деп күтілуде - Халықаралық валюта қоры

Астана. 31 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2008 жылы экономиканың өсу қарқынының жоғарылығы сақталады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) өкілдерімен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиһандық экономика және 2008 жылға арналған жағдайдың дамуына болжам жасау мәселелері талқыланған кездесуде қордың Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері бойынша департамент директорының орынбасары Дэвид Оуэн үкімет басшысына ХВҚ-ның Қазақстан бойынша өкілдігінің жаңа басшысы Тимоти Калленді таныстырды.

ХВҚ сарапшыларының пікірлері бойынша, 2008 жылы әлемдік экономиканың өсу қарқыны едәуір төмендейді. Илемдік қаржылық рыноктардағы сіліністер жалғасуындағы қолайсыздық нәтижелері сақталуы мүмкін.

Осы жағдайды ескере келе, Қазақстан бұрынғысынша күрделі экономикалық ортада қала бермек, өйткені әлемдік рыноктағы капиталға қол жетімділік шектеулігі сақталмақ. Тиісінше, нақты алғандағы Жалпы ішкі өнімнің өсу деңгейінің төмендейтіні күтілуде. Осы ретте Қазақстанда, әлемдік стандарттар бойынша, экономиканың өсу қарқынының жоғарылығы сақталады деп көзделуде. 2007 жылдың екінші жартысында бірден көтерілуі салдарынан еліміздің көптеген өңірлерінде азық-түлік өнімдерінің бағасының артуына ықпал еткен инфляцияның төмендеуі күтілуде,

ХВҚ-ның өкілдері "осындай әлемдік сілкіністегі күрделі жағдайда" Қазақстан басшылығы жүргізген іс-қимылды жоғары бағалады. Жағдайды бәсеңдетуде мынадай жемісті басшылық жүргізілді: Ұлттық банк тарапынан коммерциялық банктерге қор бөлу қамтамасыз етілді, сондай-ақ Қазақстан үкіметі бюджеттік шараларды қолдау пакетін жүзеге асырды.

ХВҚ-ның өкілдерінің пікірі бойынша, ойдағыдай бюджеттік көрсеткіштер мен халықаралық резервтің қолайлы деңгейі Қазақстанға "ішкі жағдайларға" одан әрі қарсы тұру үшін едәуір ресурстарға жол ашады.

Сонымен қатар, Д. Оуэн мұндай жағдайда экономиканың өсуіндегі кейбір төмендеулер "экономикалық басқару тиімділігін арттыруға" мүмкіндік туғызатынын атап өтті. Ол қаржылық секторда бақылауды күшейту - осы процестегі маңызды құрал екеніне және ХВҚ осы салада сарапшылар көмегін беруге даяр екеніне тоқталды. Сондай-ақ ішкі рыноктағы бәсекелестікті жетілдіру үшін қадамдар жасаудың маңызы зор. Осыған байланысты ХВҚ Бәсекелестікті қорғау агенттігінің құрылғанына қолдау білдірді.

ХВҚ үкімет пен Ұлттық банктің 2008 жылы инфляцияны шектеу деңгейінің 8-10 пайыз болуына қол жеткізудегі ұмтылысын мақұлдады.

Жалпы ХВҚ-ның өкілдері шетел валютасына қол жетімділікке немесе бағаға қатысты әкімшілік бақылау шараларын қолданбастан, рыноктық шешімдерді одан әрі басшылыққа алуда үкіметтің қажетті жағдай туғызуға бағытталған қадамын қолдайтындықтарын білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны