01.06.2009, 10:58 1507

Қазақстанда 2009 жылдың мамырында халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 12 568 теңгені құрады

Қазақстанда 2009 жылдың мамырында халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 12 568 теңгені құрады

Алматы. 1 маусым. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстанда 2009 жылдың мамырында халықтың жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 12 568 теңгені құрады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне ҚР Статистика агенттігінен хабарлады.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы өткен аймен салыстырғанда 1,5%, 2008 жылғы мамырмен салыстырғанда 4,7% өсті.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі - мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады.

Азық-түлік қоржыны 43 түрлі азық-түлік атауынан тұрады: ет, балық, сүт, май, нан, көкөністердің түрлері, жұмыртқа, қант, шай, қоспалар және тағы басқалар.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны